Қазақстан мен Ресейдің чиптелмеген азаматтары шенген визасын ала алмайтыны рас па?

Осындай тақырыппен желіде чиптеуге қатысты тағы бір фейк тарап жүр. Бұл туралы vkurse.kz, oktv.media сайттары жариялады. Ақпараттың неге жалған екенін және дереккөз бен ескертулерге мұқият болу керегін тағы да түсіндіруге тырыстық.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан мен Ресейдің Шенген келесіміндегі елдермен жұмыс істейтін барлық виза орталықтары чиптерді тексеретін құрылғылармен жабдықталады».

Бұл туралы сейсенбіде Еврокомиссияның көші-қон және ішкі істер жөніндегі бас дирректораты хабарлады

oktv.media

Үкім|Жалған

Бұл ақпаратты panorama.pub сайты таратқан. Сатиралық басылым фейк ақпарат таратумен кәсіби түрде айналысады. Сайттағы әр материалдың соңында, ескерту ретінде, ақпараттың ойдан шығарылғаны жазылған.

Қазақстан мен Ресейдің чиптелмеген азаматтары шенген визасын ала алмайтыны рас па?

Бұған дейін де сатиралық басылымның таратқан ақпаратын бірнеше қазақстандық БАҚ жариялаған еді. Ол кезде жаңалық «Назарбаевқа 193 метрлік ескерткіш орнатылуы» жайлы болды.

Бір қызығы, осы жолғы бастапқы материалда Қазақстан туралы ештене айтылмаған. Бұл өтірікке Қазақстанды кім және қашан қосқаны белгісіз.

Ақпарат қайдан шықты?

Panorama.pub таратқан ақпаратта бірнеше фейкке сілтеме жасалған. Біріншісі, адамдарды жаппай чиптеуге қатысты, екіншісі 5G желілеріне қатысты. Мәтінде чиптерді қадағалап отыру үшін 5G желілері керек екені айтылады. Ал бұған дейін «5G желісі коронавирус симптомдарын тудыруы мүмкін» деген қауесет тараған еді.  Factcheck.kz бұл фейктерді және олардың айналасындағы конспирологиялық теорияларды да тексеріп көрді.

Чиптеу туралы фейк

Бірнеше апта бұрын желіде Билл Гейтстің Жер тұрғындарына чип орнатып, сол арқылы адамзатты бақылағысы келетіні туралы ақпараттар тарады. Бірақ біз чиптеу туралы пандемия кезінде емес, 2009 жылы сөз болғанын және оны Билл Гейтс емес британдық зерттеуші Марк Гассон айтқанын анықтадық. Ал Билл Гейтстің сұрақ-жауап кезіндегі бір мәлімдемесі бұрмаланып, бүкіл қастандық теориясын тудырған

5G желісі туралы фейк

Covid-19 ға қатысы бар деп Ұлыбританияда 5G желілері де қиратылған болатын. Кейін халық арасында 5G желісін «вирус таратушы биологиялық қару» немесе «одан бөлінетін радиация иммунитетті әлсіретеді» деген әңгімелер тарады. Бұл болжамдардың да “сандырақ” екені анықталып, 5G желілерінің зиянсыздығы туралы ресми мәлімдемелер жарияланды. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

Factcheck.kz