Жалған | Назарбаевқа 193 метрлік ескерткіш орнатқалы жатыр

Соңғы күндері “Назарбаевқа 193 метрлі ескерткіш тұрғызғалы жатыр және атақты ресейлік мүсінші З.Церетелимен осыған байланысты келісімшартқа қол қойыпты” деген сияқты алып-қашпа әңгімелер жиілеп кетті. Бірнеше сайт (adyrna.kz, panorama.pub, 123ru.net және cont.ws) осыған қатысты ақпарат та жариялап үлгерді. Тіпті, Facebook қолданушылары ескерткіштің түрлі эскизін бөлісіп жатыр. Factcheck.kz сайты бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Назарбаевқа арнап биіктігі 193 метр ескерткіш орнатылмақ. Осы жөнінде ресейлік мүсінші З.Церетелимен Қазақстан үкіметі арасында келісімге қол қойылды.

panorama.pub

Үкім: Жалған

Барлық сайт сілтеме жасаған Panorama.pub сатиралық басылымы фейк таратумен айналысады. Бұны өздері де мойындайды, әрбір материалының астында жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын жазып отырады.

Жалған | Назарбаевқа 193 метрлік ескерткіш орнатқалы жатыр

Ақпарат қайдан шықты?

2015 жылдың 9 қазанында 365info.kz тілшісі А.Зубов мүсінші З.Церетелимен сұхбат барысында: “Біз көрерменнің сұрақтарына жауап беруіміз керек, менен көбі Церетели Қазақстанға Назарбаевтың ескерткішін жасауға келді ме деп сұрайды, бұл шын ба?” (орыс тілінен аударылды) деген сұрағына мүсінші “Сіздерден ұсыныс түссе, мен дайынмын” деп жауап берген еді.

Осы сұхбаттан соң “Назарбаевқа ескерткіш орнатылады” деген зомби-фейк тарай бастады.

Тағы да зомби-фейк…

2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында бұл зомби-фейк қайта шыға бастады. Әуелі, тамыздың басында Нұр-Сұлтан қаласындағы Е.129 (жобалық атауы) көшесінде экс-президентке ескерткіш орнатылады деді. Оны елордалық құрылысшылар одағы “Бәйтерек” заңды тұлғалар бірлестігі мен “Құлагер” құрылыс компаниясы жүзеге асыратын болды. Кейірінек, “Бәйтерек” құрылысшылар одағының жетекшісі Жамбыл Мелдебай Facebook парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ж.Мелдебайдың айтуынша, ескерткіш тұрғызалатыны рас, бірақ Назарбаевқа емес құрылысшылар мен сәулетшілерге арнап жоспарланған.

Церетелимен келесімшарт жайында

Егер де шынымен Қазақстан үкіметі ресейлік мүсінші З.Церетелимен келісімшарт жасаған болса, онда ресми жарияланатын еді. Бірақ, elbasy.kz, akorda.kz, government.kz және astana.gov.kz сияқты ресурстарда бұл туралы ақпарат жарық көрмеген.

Panorama.pub жайында

Жоғарыда атап өткеніміздей, Panorama.pub – сатиралық жанрдағы сайт және жазылған материалдары шындыққа жанаспайды. Бұл сайттағы әр деректің фейк екенін бірден аңғаруға болады. Бұл туралы Panorama.pub-тың “Предупреждение” деген батырмасынан да байқауға болады:

disclaimer

Panorama.pub доменін whois.com және reg.ru сервистеріне салып, кімге тиесілі екенін, қашан тіркелгенін қарап көрдік.

whois_panorama.pub_

Panorama.pub негізгі ақпаратты жасыруға тырысқан. Тек біздің байқағанымыз, домен 2017 жылы 10 желтоқсанда АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Сэнфорд қаласында тіркеліпті.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz