Билл Гейтстің “күнәлары”: сатанистік екпе, чип және басқалары

Медиакеңістіктегі инфодемиямен қатар Билл Гейтске бағытталған шабуылдың көбейгені феномен ретінде бізді қызықтырмай қоймады. Сондықтан біз бұл конспирологиялық теорияның құраушы бөліктерін талдап көруге тырыстық.

Қастандық теорясының мазмұны туралы…

Ақпарат алаңында «Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда өздерінің Bill & Melinda Gates Foundation (BMGF) қоры арқылы COVID-19-ға қарсы екпенің жасалуын қаржыландырады, ол екпе қабылдаған адамдардың өліміне, белсіздігіне әкеліп, содан кейін екпе алғандарға чип енгізіп, адамдарды аңду үшін пайдаланады» деген ақпарат тарап жатыр. Мұның себебі «ол Жердегі тұрғындар санының көбейіп кетпеуін бақылап жүрген сатанист, педофил және қанішер. Оған қоса екпе саласында бірталай жаман іс жасап үлгерген». Әсіресе дамушы елдер үшін көп жамандық жасады (өйткені ол ДДСҰ бағдарламаларын қаржыландырады), ал енді COVID-19 екпесі арқылы америкалықтар мен еуропалықтарға одан зорын (жамандықтың) көрсетеді.

Мысалы:

Билл Гейтстің "күнәлары": сатанистік екпе, чип және басқалары
delyagin.ru сайтынан алынған материал (Гейтс пен екпе туралы фейктерге толы) әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.

Бірақ сайттағы материалда Гейтс пен GlaxoSmithKline байланысы туралы ештеңе айтылмаған. Дегенмен төменде көрсетілген пост авторы осындай байланыстардың бар екенін айтып, delyagin.ru-ға сілтеме жасаған (талқылауға тұрарлық ештеңесі жоқ дереккөзге сілтеме беру қиын емес қой):

Билл Гейтстің "күнәлары": сатанистік екпе, чип және басқалары

Постты 249 адам бөліскен. Бұл осыған ұқсас мыңдаған әңгіменің біреуі ғана: Ресейлік бұрынғы теннисші Марат Сафин коронавирус пандемиясын әлемдік қастандық (жасырын әлем үкіметі ұйымдастырған) деп есептейді:

Меніңше, адамдарды чиптеуге дайындап жатыр. Билл Гейтс 2015 жылы-ақ бізде пандемия болатынын, келесі дұшпанымыз ядролық қару емес, вирус екенін айтқан болатын.

Марат Сафин

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі блогерлер мен қарапайым азаматтар (тіпті Джон Ф. Кеннедидің туысы да) әлем бойынша танымал әлеуметтік желілер арқылы осыған ұқсас оқиғаларды жариялап жатыр.

Біз бұған дейін коронавирус туралы жалған ақпараттың ішінде ең көп тарағаны Гейтс туралы дезинформация екенін жазғанбыз. Фейктердің қалай тез тарап жатқанын бақылау қызық, тіпті тілдердің әртүрлілігі де фейкке кедергі бола алмайды екен. Чиптеуден бастайық…

Билл Гейтс және адамдарды жаппай чиптеу

Үкім: Жалған

15 сәуірде Сафин адамдарды чиптеуге дайындап жатқанын мәлімдеді. Бірақ ол чиптеуді Билл Гейтспен байланыстырмады (солай айтуына болар еді (!). Чиптеуге қатысты ақпаратты Buzzfeednews және Reuters, және Factcheck.org талдап қойған болатын. Сол себепті біз сандырақ-фейктердің пайда болу механикасын түсіндіре кетейік.

Сонымен 18 наурызда Билл Гейтс Ask me anything (AMA) форматында сұрақтарға жауап беру үшін Reddit платформасына тіркелді. Ол мұндай форматта жиі пікір алмасады, бірақ осы жолғы сұрақтар коронавирус тақырыбында болды. Сөзбе-сөз келтірсек, Билл Гейтс былай деді (жазды):

Мемлекеттер ары қарай не істеу керектігін әлі анықтап жатыр. Соңында бізде кім емделіп шықты немесе тестілеуден өтті, немесе қашан екпе жасатты деген ақпараты бар сандық сертификаттар болады.

19 наурыз күні biohackinfo.com сайтында «Билл Гейтс коронавируспен күрес үшін имплантталатын микрочиптерді пайдаланады» деген тақырыппен мақала пайда болды және бәрі осыдан басталды. Материалда былай делінген:

Microsoft-тың негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс «сандық сертификаты» бар адамға имплантталатын капсулалар шығарады, олар кімнің коронавирусқа тексерілгенін, кімнің екпе жасатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар, мақалада Гейтс смартфон арқылы «оқуға» болатын көрінбейтін татуировканы (Quantum tattoes) айтқысы келгені туралы жалған мәлімет бар. 2019 жылы Гейтс қоры осы тақырыпта зерттеу жасаған. Ол екпе туралы мәліметі бар тату-маркировкаларға арналды, БІРАҚ (!) адамдарды аңди алатын қабілеті жоқ.

Айта кетейік, Гейтс Reddit-те микрочип туралы мүлдем айтқан жоқ. Бірақ биохакерлерге қастандық теориясының жақтастары қосылды, – 13 сәуірде Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Роджер Стоун радио-сұхбатында Гейтс ғаламшар тұрғындарын бақылап отыру үшін коронавирус пен микрочипі бар екпені ойлап тапты деп мәлімдеді. Стоунның мәлімдемесінен кейін чиптеу мен екпе жасау туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен медиа арқылы бүкіл әлемге тарап кетті. The daily beast Трампты қолдайтын көрнекті белсенді-блогерлер, Бриллиант немесе Жібек (Шелк) деген никпен танылған ханымдар Гейтс пен Чиптеу айналасындағы конспирологиялық теорияны соңғылардың бірі болып қозғады деп әзілдеген (бұл 10 сәуірде болды):

Көріп отырғанымыздай, фейк орыстілді ақпарат кеңістігінде сәуірдің ортасында талқылана басталды. CGTN арнасына берген сұхбатта филантроп өзінің айналасында болып жатқан «конспирологиялық» жағдайда мүмкін нәрсенің бәрін жасайтын (мәселені шешу үшін) «қандай да бір ирония бар» екенін атап өтті. Дегенмен оның мәлімдемесі перепосттар арасында жойылып кетті.

Гейтстің екпесі бала денсаулығын қауіпті ме?

Үкім: Фейк

Қастандық теориясындағы «Гейтстің коронавирустан қорғайтын екпесі» туралы тексерілмеген ақпарат екпеге қарсы пікірталаспен араласып кеткендіктен бізде жоғарыда айтылған посттар мен материалдар бар.

2020 жылдың 12 сәуірінде delyagin.ru-да жарияланған материал 2017 жылдың 4 мамырында Politico сайтында жарық көрген, сол кезеңде Sott.net ресурсынан (қастандық теориясына жақын ресурс) сөзбе-сөз көшірілген материалдың еркін берілген (конспирологиялық қоспа мен жалған мәлімет қосылған) мазмұны.

Бір қызығы – Politico материалы Гейтс рөлін ДДСҰ-ғы ірі донорлардың бірі ретінде бейтарап және дискутивті түрде сипаттаған. Бірақ сол мәтіннің ангажирленген ресурста пайда болуы бейтараптылықты жойып жібереді.

Delyagin.ru-ға келер болсақ, мына мәтін: «Гейтс Үндістанда полиомиелитті түп-тамырымен жоюға уәде беріп Үндістандағы Ұлттық кеңесті өз бақылауына алып, балалардың әрқайсысына 5 жасқа дейін 5 екпенің орнына 50-ден салуды тапсырды – деп хабарлайды Sott», түпнұсқада да, көшірмесінде де жоқ. Яғни, Delyagin.ru ашық түрде өтірік ақпарат қосып, оны өзі емес, басқа жазғандай сілтеме берген, оқырман сілтемеге өтпейді немесе ағылшын тілінен аударуға бас қатырмайды деп сенген болуы керек.

Делягин жариялымдары жартылай кіші Кеннедидің Инстаграмдағы посттарына ұқсайды:

Билл Гейтстің "күнәлары": сатанистік екпе, чип және басқалары

Факттың қандай негізі бар екені туралы жазылушының сұрағына парақша авторы CHD сайтына сілтеме берген. Айта кетейік, бұл Children’s health Defence ұйымдастыру сайты, оның директорлар кеңесінің төрағасы Кеннеди (ол қоршаған ортаны қорғаушы және ұйымдастыру сайтындағы жариялымдарды талдай келе пікірге қарсы келуші деп түсіндік). Ок, Делягинде линк болмады, бірақ ол Кеннедиде бар.

Мәселен мәтінде мынадай бөлік бар:

2017 жылы жүргізілген зерттеу (Morgenson et al. 2017) АКДС танымал екпесі африкалық балаларды, ол алдын алатын аурудан да көбірек өлтіретінін көрсеткен.

Сілтемеге өтеміз де әңгіменің 1980 жылдардың басында (бірақ зерттеу АҚШ-тың Ұлттық медициналық кітапханасының сайтында 2017 жылы жарияланды) Гвинея-Бисаудағы қалалық бірлестікке АКДС пен пероралды полиоекпе қолданғаны жайлы зерттеу туралы болғанын білдік. Өздеріңіз түсініп отырғандай, 80-жылдардағы АКДС-ке Гейтстің қатысы жоқ, бірақ америкалықтар Ақ үйге петиция форматында хат жазып, миллиардерге қатысты тергеу жұмысын бастауды талап етіп жатқанда кім оның мән-жайын анықтап жатады.

5 полиоекпенің орнына 50-ін салуға қатысты айтар болсақ, Кеннеди америкалық Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жариялаған  «Полиомелитті жою жолындағы прогресс –Үндістан, қаңтар 2009 ж. – қазан 2010 ж.» есебіне сілтеме берген, бірақ ол жерде мұндай мәлімет, әрине, жоқ.

Жұмсартып айтсақ, Билл Гейтстің мойнында өзі қаржыландырған Африка мен Үндістан, сонымен қатар басқа да дамушы ел  тұрғындарының әлсіз тобына екпе жасау және клиникалық сынақтан өткізу жобаларының жауапкершілігі тұр.

Әңгіме Гуджарат және Андхра Прадеш штаттарындағы қыздарға папилома вирусына қарсы екпе жасау туралы болып отыр. Вакцинадан 7 қыз қайтыс болды деп айтылады. Алайда нақты дәлел жоқ. Бір қызығы, сілтеме жасаған құжаттың өзінде былай жазылған:

«Үндістан парламентінің Денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комитеті тергеу жүргізіп, былай дейді: «Балалардың қауіпсіздігі мен құқығы әшкере болған әрі бұзылған, денсаулық сақтау саласындағы сәйкестік технологиясы бағдарламасының өкілдері (PATH – вакцинациялау жобасының операторы – авт.) және Комитет қайтыс болған 7 адамның екпеге қатысы жоқ екенін айтты. Үндістан үкіметі өзі жүргізген зерттеуге сүйене отырып, екі оқиға арасында байланыс бар дегенді алға тартқан. Дегенмен Комитет бірнеше құқық бұзушылық тапқан. Олар Үндістанда сынақ жүргізген PATH ұйымының тіркеуіне, ақпараттық келісім процедурасына және жарақат не қайтыс болған жағдайда өтемақы мен емдеуге байланысты. Олар сондай-ақ мүдделер қақтығысын анықтаған».

Осыған қоса Кеннеди Үндістанда және басқа елдерде полиомиелит екпесі (вакцинация кезеңдері мен полиомиелиттік емес сылбыр сал ауруының көбеюі арасындағы корреляция) және Африка елдеріндегі безгек, менингит және сіреспе екпесі туралы айтады.

Мақала соңында автор келесідей қорытынды шығарады: «Қайырымдылықты пайдалана отырып, ДДСҰ, ЮНИСЕФ, GAVI және PATH ұйымдарын бақылау мақсатында Гейтс вакцина шығаратын жеке фармацевтикалық компанияны қаржыландырып отыр. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуді жеделдету үшін 12 фармацевтикалық компанияға 50 миллион доллар ақша беріп отыр. Жақында Гейтс БАҚ-қа сұхбат беріп, Covid-19 дағдарысына орай оның вакцинацияға қатысты бағдарламаларын АҚШ-тағы балалар мен ересектер пайдалануға мәжбүр болатынын айтқан (GAVI-дан басқасынан барлық сілтемелердің дереккөзі бар).

Біз Кеннеди мақаласында көрсетілген сілтемелерді қарап, талдап шықтық. Нәтижесінде, автор гипотеза ретінде ұсынылып, нақты жауабы жоқ есептер мен зерттеулердің мағынасын бұрмалап берген немесе өзіне ыңғайлы етіп жасаған. Осыған қоса ол оның сөзін толығымен растайтын сайттардағы (олар алдын ала жасалып қоюы әбден мүмкін) материалдарға жүгінген. Мысалы Кеннеди сіреспе вакцинасының құрамында ХГЧ гормоны анықталғаны туралы материалға сілтеме жасайды. Онда авторлар ДДСҰ мен Гейтстің Африкадағы әйелдердің бала туу қабілетін азайту мақсатында арнайы жоспар құрғаны туралы нақты жазады. Сондай-ақ мақалада тек өз болжамын ақтап алуға бағытталған дәлелдер келтіреді. Сондықтан бұған күдікпен қараған жөн болар. 

Бұл өтірікті м.ғ.к. Александр Мац өзінің «Дәрігерлерге арналған екпеге қарсы адамдар және оған қатысты БАҚ-тағы өтірік» атты мақаласында жоққа шығарады. Мацтың айтуынша, мұндай жалған хабарламалар баяғыдан бар. Бастапқы кезде сіреспе вакциналарында хориондық гонадотропинді пайдалану арқылы Африка халқын азайту ДДСҰ мен «Рокфеллер қорының» жасырын әрі қатігез жоспары ретінде айтылған.

Сол Мецтің айтуынша, «Вакцинаға қарсы күресті» Global Vaccine Institute ойлап тапқан және сіреспе вакциналарының құрамында ХГЧ-ның анықталуы – баяғыдан бар әңгіме. Тексеріс кезінде келесі нәрсе анықталған. Иммундық-ферменттік талдауға арналған тест жүйелерінде ХГЧ антиденелері болған, олар сіреспе анатоксинімен керемет байланыса алған. Сонымен қатар, дәрігер бала туу жүйесі дамымаған елдерде сіреспе жаңа туған нәрестеде жиі кездесетінін айрықша айтады. Бұл жерде профилактиканы тиімді жүргізудің бірден бір тәсілі – әйелдерге жүктілікке дейін және кейін екпе жасау.

Ал, ДДСҰ мен Африкадағы халық санының реттелуіне арналған фейкте Рокфеллер қоры Гейтстің қорына алмастырылған. Бұл жерде Кеннеди сілтеме жасаған 2017 жылы шыққан «ДДСҰ-ның Кениядағы сіреспеге қарсы екпесінде ХГЧ-ның анықталуы дамушы елдерде алаңдаушылық тудырып отыр» атты зерттеу беделді Research Gate порталында (ашық зерттеулер мен деректер жарияланатын сайт) қалайша пайда болғаны қызық.

Негізі біз екпелердің клиникалық сынақтары (мысалы, Африкадағы безгек вакцинаның клиникалық сынақтарының нәтижесі, Кеннеди мақала авторы ретінде дәл осыған сілтеме жасап, түсініктеме береді) немесе олардың адам ағзасына әсері туралы қорытынды шығармас едік, себебі бұл зерттеушілердің ісі.

Кеннеди сайтында Билл Гейтстің аты аталатын 50-ге жуық материал бар. Олардың көбі екпеге және пандемияға байланысты қастандық теориясына қатысты. Мысалы олардың арасында «Коронавирус диктаторлар мен олигархтардың армандарын жүзеге асыруда» деген мақала бар. Кіші Кеннедидің қатысты Гейтске бір ойлағаны бар сияқты. Алайда бұл тек біздің гипотеза.

Біздің келесі материалдарда оқитындарыңыз: ДДСҰ (өз бетінше, Рокфеллер мен Гейтссіз) бедеулікке арналған екпе жасады ма? Гейтстің қайырымдылық іс-шараларын «мейірімсіз» және «адамгершілікке жат» деп атаған профессор Патрик Бонд деген кім? Сондай-ақ GlaxoSmithKline-нің иесі Билл Гейтс пе?

Айта кетейік, біз бұған дейін Билл Гейтс «жер халқының санын азайту керек» деп ешқашан мәлімдеме жасамағаны туралы жазған едік.

COVID-19 вакцинасына келетін болсақ, CCTV-ге берген сұхбатында Гейтс оның қоры әлемнің түкпір-түкпірінде жасалған 8-10 вакцинаны таңдап, оларды зерттеу үшін барлық күш-жігерін салатынын мәлімдеген еді.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz