Фейк | Билл Гейтс коронавирусты жасады деген күдікпен тұтқындалды

20 сәуір күні Argument.kg сайтында «Билл Гейтс коронавирусты жасап шығарды деп айыпталды» деген тақырыпта мақала жарияланды. Сайт New York Times редакциясына сілтеме жасаған. Factcheck.kg редакциясы ақпаратты тексерді, ал біз кейбір деректерді анықтадық.

«Коронавирусты жасаған адам ұсталды» деген материалда Microsoft негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс созылмалы аурулары бар адамдардан құтылу үшін және өз бизнесін дамыту мақсатында вирус жасады деп айыпталғаны жазылған.

© скриншот Argument.kg

Сонымен қатар, мақала авторы әлеуметтік желілерде Билл Гейтс COVID-19 вирусын жасады деген ақпарат тарағанын айтады. Мұндай сарындағы ақпарат интернетте жылдам тарауда.

Фактчекерлер іздеу жүйесінің көмегімен The New York Times басылымының сайтындағы “автор” түпнұсқа ретінде көрсеткен мақаланы тапты.

Алайда ол мақалада Microsoft компаниясын құрушылардың бірі филантроп Билл Гейтске коронавирусты жасады деп жала жапқаны жазылған. Бұл айыптауға 2015 жылы шыққан Билл Гейтстің адамзат үшін ең үлкен қатер ядролық соғыс емес, миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін жұқпалы вирус екенін ескерткені жайлы видео негіз болды.

Мақалада:

«Соңғы аптада бұл видео YouTube-те 25 миллион рет қаралған. Антивакцинаторлар, QAnon сөз байласу тобының мүшелері әлемдегі ең бай адамдардың бірі пандемияны пайдалануды және жаһандық денсаулық сақтау жүйесін өз бақылауына алуды жоспарлағанына дәлел ретінде осы видеоны пайдаланды. 64-жастағы мистер Гейтс, Microsoft құрылтайшысы, филантроп енді коронавирустың өршу қастандық теориясының жұлдызына айналды. YouTube, Facebook және Twitter желілерінде жарияланатын хабарламаларда оны Covid-19 жасаушы, вирустан емдейтін вакцинаны алыпсатумен айналысушы ретінде және қастандық теориясының бөлігі ретінде бейнелейді» деп жазылған.

The New York Times-тың хабарлауынша Гейтс туралы жалған ақпарат қазіргі уақытта ең жиі таралатын фейктердің бірі. Facebook-те осы жылы Гейтс пен вирус туралы 16 мыңнан астам жазба жарияланған. New York Times талдауына сәйкес оқырмандар жазбаларға 900 мың рет пікір білдіріп, ұнату белгісін басқан. YouTube-те Гейтс туралы видео наурыз және сәуір айларында бес миллион рет қаралды.

The New York Times хабарлауынша Zignal Labs ұсынған ақпаратқа сәйкес интернетте сәуірде Гейтс туралы қастандық теориясы күніне 18 мың рет айтылатын еді.

Қорытынды: Фейк

  • Коронавирусты жасаған адам ұсталғаны туралы ақпарат-фейк.
  • Гейтстың тұтқындалғаны жайлы ақпарат-фейк.
  • New York Times Гейтс туралы жалған ақпарат қазіргі уақытта коронавирус туралы тараған фейктердің ішінде бірінші орында тұрғанын хабарлады.
  • NYT материалында Билл Гейтстың тұтқындалғаны айтылмаған.
  • Argument.kg New York Times сайтына сілтеме жасағанымен, ақпарат шындыққа жанаспайды.