23.11 | Франция экс-президентінің соты, журналист Өтепованы психдиспансерге әкетуі, АҚШ президентінің аккаунты кімге беріледі?

Facebook пен Twitter АҚШ президентінің желідегі аккаунтын Байденге тапсырады

Facebook пен Twitter 20 қаңтарда өтетін инаугурацияда АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың пікіріне қарамастан, Джо Байденге АҚШ президентінің @POTUS ресми аккаунтын тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters сайты жазды.

Біз 2017 жылы 20 қаңтарда Барак Обама және Трамп әкімшілігімен Facebook пен Instagram аккаунтын еш кедергісіз тапсыру үшін жұмыс істедік. Қазіргі уақытта да солай жасауды ойлап отырмыз.

Facebook компаниясының өкілі

“Туиттер Ақ үйдің ресми аккаунтарын 2021 жылдың 20 қаңтарында туиттерге көшіруге дайындалып жатыр. 2017 жылы президент ауысқан кездегідей Ұлттық мұрағат және жазбалармен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Twitter өкілі

Сонымен бірге, @VP, @FLOTUS, @whitehouse секілді мемлекеттік аккаунттар Байден әкімшілігіне берілетіні хабарланды.

Франция экс-президентінің соты

23 қарашада Францияның экс-президенті Николя Саркозиге қатысты сот процесі басталады. Бұл туралы BBC сайты жазды.

Парижде өтетін сотта Саркозиден бөлек, оның адвокатына да айып тағылды. Францияның экс-президентін судьяны сатып алуға тырысты деп айыптауда. БАҚ-тың хабарлауынша, Саркози судьядан сайлау науқанын қаржыландыруға байланысты тергеу органдарының ақпаратын сұрап, оған Монакода жақсы лауазымға тағайындауға уәде берген.

23.11 | Франция экс-президентінің соты, журналист Өтепованы психдиспансерге әкетуі, АҚШ президентінің аккаунты кімге беріледі?
Николя Саркози (Фото: Panoramic / ZUMA / Global Look Press)

Сонымен бірге, Николя Саркози сыбайлас жемқорлыққа байланысты және өз беделін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Былтыр тергеу органдары Сорказидің президент болған уақытында (2007-2012 жылдар аралығы) сайлау науқанына берілген лимиттен асырып, екі есе ақша жұмсағанын анықтаған. Сонымен қатар, Сорказиді ливиялық диктатор Муаммар Каддафиден ақша алуы мүмкін деп айыптап отыр.

Полиция журналист Айгүл Өтепованы үйінен психдиспансерге алып кетті

23 қарашада күндіз Нұр-Сұлтанда полиция журналист, блогер Айгүл Өтепованы үйінен психдиспансерге алып кетті. Өткен аптада сот Өтепованы психикалық диспансерге жіберу туралы шешімнің негізсіз екенін алға тартқан адвокаттың апелляциялық шағымын қанағаттандырмаған еді. Бұл туралы “Азаттық радиосы” жазды.

23.11 | Франция экс-президентінің соты, журналист Өтепованы психдиспансерге әкетуі, АҚШ президентінің аккаунты кімге беріледі?
Полиция журналист Айгүл Өтепованы көлікке отырғызып жатыр. Нұр-Сұлтан, 23 қараша 2020 жыл.
Сурет: Азаттық радиосы

“Жақында ғана медициналық тексеруден өткен кезде дәрігерлер денсаулығымды жақсы деп бағалаған. Мені денсаулығыма байланысты емес, саяси астармен қудалап отыр” деді Өтепова дүйсенбі күні полиция көлігіне мінбей тұрып Азаттық тілшісіне.

Тәуелсіз журналисті полиция үйінен алып бара жатқан сәтте азаматтық киім киген ер адам Азаттықтың түсірілім тобына журналисті көлікке отырғызған сәтті түсірткізбеуге тырысты. Өтепова оны өзінің “тергеушісі” деп “таныстырып”, аты-жөнін де айтты. Азаттық тілшісі оның полициядан ерте келіп алғанын байқаған еді.

Әлеуметтік желілерде билікті өткір сынап жүрген журналист Айгүл Өтепованың үстінен қыркүйек айында қылмыстық іс қозғалған. Ол Қылмыстық кодекстің 405-бабының 2-тармағы бойынша “тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты” деп күдікке ілінген. Журналистке бұл айып “Facebook желісінде билікті сынаған жазбалары үшін” тағылып отыр. Оның үйқамақта отырғанына 2 айдан асқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz