Көлеңкелі экономикадан бюджетке қанша қаражат түсті?

14 ақпанда өткен мәжіліс отырысында депутат Руслан Берденов көлеңкелі экономика, шағын және орта бизнес туралы сөз қозғап, депутат сауалын жолдады. Депутаттың айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың нәтижесінде кейінгі 3 жылда бюджетке 2 трлн теңге түскен. Ал елдегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ үлесі 36%-ке жеткен. Аталған деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:42:45

Мәлімдеме: Мысалы, көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың нәтижесінде соңғы 3 жылда бюджетке қосымша 2 трлн теңге түскенін білесіздер.

Руслан Берденов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Қаржы экс-министрінің айтуынша, кейінгі 3 жылда (2020-2022 жылдар) көлеңкелі экономикаға қарсы жасалған шаралар барысында бюджетке 2 трлн теңге қаржы түскен. Ал көлеңкелі экономиканың ЖІӨ үлесі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 18,3% болды.

Мәлімдеме: Еліміздегі шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36%, ал дамыған елдерде 60%-ға дейін барады.

Руслан Берденов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі дерегіне сай, шағын және орта бизнестің ЖІӨ үлесі 36,5%-ке жетті. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметінше, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 55% шамасында.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz