HRW: Қытай елдегі мұсылмандарды жүйелі түрде шеттетіп жатыр

Қытай елдің солтүстігіндегі мешіттерді бұзып я болмаса жауып жатыр. Осылайша, билік мұсылмандардың құқығын бұзып отыр. Бұл туралы Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы мәлімдеді.

Ұйымның ақпараты бойынша, кейінгі жылдары Қытай билігі елінің солтүстігінде орналасқан Нинься-Хэуй және Ганьсу провинцияларындағы мешіттің кейбірін жапқан, енді бірін бұзған, тағы біреулерін басқа мақсатта қолдануға берген. Оған қоса күмбез, мұнара сияқты ислам сәулет өнерінің ерекшеліктерін алып тастаған.

Бұл – діни наным-сенімге қатысты еркіндікті бұзу және елдегі мұсылмандарды жүйелі түрде шеттету.

Майя Воң, HRW ұйымының Қытай бойынша сарапшысы

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап Қытай басшысы Си Цзиньпин әртүрлі ұлт өкілі тұратын ел аймақтарын “қытайландыру” саясатын жүргізіп келеді. 2018 жылы Қытай билігі мешіттерді қысқартуға қатысты резолюция қабылдаған. Ол бойынша енді мешіт саны қысқартылады, жаңа мешіттер салуға тыйым салынады.

Factcheck.kz