Amnesty International: Қырғызстан президенті “шетел өкілдері туралы” заңға вето қоюы керек

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Қырғызстан президентінен «шетел өкілдері туралы» заңға тыйым салуды сұрады. Үндеуді ұйым өз сайтына жариялады.

Ұйым басшысы Аньес Калламардың айтуынша, шетел өкілдеріне қатысты заң қабылданса, «азаматтық қоғам Қырғызстан халқының құқығын қорғаумен айналыса алмайды.

“Азаматтық қоғам ұйымдарының жұмыс істеуі үшін еркін және қолайлы орта құру көптеген құқықты қамтамасыз ету үшін маңызды. Әйел құқығы, ауылды дамыту және суға қолжетімділік, еңбек жағдайын жақсарту, медициналық қызметтерге қол жеткізу және мүгедектер үшін инклюзивті орта – азаматтық қоғам ұйымдары көбінесе халықаралық серіктестердің қаржылық көмегі арқылы шешетін көптеген мәселелердің бір бөлігі ғана”, – делінген Amnesty International бас хатшысының үндеуінде.

Айта кетері, бұған дейін «шетел өкілдері туралы» заңға вето қоюды Қырғызстандағы жүзден астам коммерциялық емес ұйым мен белсенділер, отыздан астам халықаралық ұйым Садыр Жапаровтан сұраған. Олардың айтуынша, заң қабылданған жағдайда, шетел қаражатымен қоғамға маңызды жобаларды жүзеге асырып отырған үкіметтік емес ұйымдар жабылады.

Factcheck.kz