Жартылай шындық | ҚР ЖІӨ атаулы көлемі 2016 жылы 2,1% өсіммен 45 трлн теңгеден асады – ҰЭМ

Бұл туралы бұрынғы ұлттық экономика министрі Ерболат Досеав 2015 жылдың 18 қарашасында мәлімдеген болатын.

Жартылай шындық | ҚР ЖІӨ атаулы көлемі 2016 жылы 2,1% өсіммен 45 трлн теңгеден асады – ҰЭМ
Скрин primeminister.kz сайтынан

Үкім: Жартылай шындық

2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0% болды. Демек, өсім тек 1% ғана болған.   

Жартылай шындық | ҚР ЖІӨ атаулы көлемі 2016 жылы 2,1% өсіммен 45 трлн теңгеден асады – ҰЭМ
Скрин stat.gov.kz порталынан
 2011-2016жж. ЖІӨ нақты көлемінің индексі, дефляторы және тұтыну бағаларының индексі
Жартылай шындық | ҚР ЖІӨ атаулы көлемі 2016 жылы 2,1% өсіммен 45 трлн теңгеден асады – ҰЭМ
Скрин stat.gov.kz порталынан

Бұдан өзге 2016 жылғы ЖІӨ құрылымында қызмет көрсетулер өндірісінің үлесі 57,9%, тауарлар – 36,4%, өнеркәсіп – 25,8%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 17,1%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 8,4%,  көлік және қоймалау 8,3% болды.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz