Сенатор Нұралиев жеке қосалқы шаруашылықтар туралы рас айтты ма?

19 қаңтарда өткен сенат отырысында депутат Әбдәлі Нұралиев жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты дерек келтіріп, өнімнің жалпы шығарылымына қатысты мәлімдеме жасады.

Factcheck.kz депутат сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Тайм-код: 1:09:11

Қазіргі таңда елімізде 1 636 000 жеке қосалқы шарушылық бар.

Әбдәлі Нұралиев

Үкім: Шындық

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Factcheck.kz редакциясына берген мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы жеке қосалқы шаруашылықтың (ары қарай —ЖҚШ) саны — 1 630 974 бірлік.

Олардың 2021 жылдың соңына қарай жалпы сомасы 2,8 трлн теңгенің өнімін өндіріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.

Әбдәлі Нұралиев

Үкім: Жалған

Министрлік дерегіне сай, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы — 7,5 млрд теңге. Оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарға — 3,2 млрд теңге тиісілі (өсімдік шаруашылығы — 1 160 млрд теңге; мал шаруашылығы — 2 041 млрд теңге). Нұралиев “2,8 трлн теңге” деп нені меңзегені белгісіз.

  • Салыстырмалы түрде айталық, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 2021 жылы Қазақстанда өндірілген тамақ өнімдерінің жалпы көлемі — 2,2 трлн теңге.
  • Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, бұл көрсеткіш 2022 жылы 2,9 трлн теңгеге жеткен.
  • Сенатор ЖҚШ қорытындысы мен жалпы азық-түлік өндірісінің қорытындысын шатастырып алған болуы мүмкін.

Контекст

Жеке қосалқы шаруашылық — ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрi.

Оқи отырыңыз:

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz