Жоғары температурада жасалған таба туралы жарнаманың үстінен арыз түсті ме?

АҚШ сотына Фаренгейт шкаласы бойынша 30 000 градус температурада жасалған таба туралы жарнамаға қатысты арыз түсті. Бұл туралы The Verge хабарлады.

Біз SharkNinj фирмасының, нақты айтқанда, Ninja NeverStick Premium ас үй желісінің берік, тамақты табаға жабыстырмай пісіретін жабыны бар ыдыс туралы айтып отырмыз. Жарнамада табаның Фаренгейт бойынша 30 000 градус температурада жасалғаны айтылған. SharkNinja-ның айтуынша, өндіріс процесі табаның бетіне “плазмалық керамика бөлшектері” арқылы эксклюзив жабын жасап шығады.

Дегенмен сотқа арызданған Патрисия Браун деген кісі жарнамаға сенбейді. Ол арызында “жақында NASA Күннің беті Фарангейт шкаласы бойынша өте жоғары температураға — 10 340 градусқа ие екенін айтты. Ал бұл SharkNinja өндіріс процесінде үш есе температураға жетеді деген сөз” деп жазды.

Оған қоса Браун табаның мұндай градуста қыздырылып жасалуы мүмкін емес екенін айтты. Себебі алюминий Фарангейт шкаласы бойынша 4 478 температурада газ күйіне айналады. Арызданған адамның айтуынша, жарнамада SharkNinja табасын Фарангейт бойынша 500 градус температурада қолдануға болатыны да сөз етілген.

The Verge авторы SharkNinja компаниясы шын мәнінде ешкімді алдамаған болуы мүмкін деген қорытындыға келді. The Washington Post басылымының 2002 жылғы мақаласында SharkNinja жарнамасындағы табадағыдай, ыдыстың бетіне керамика жабынын жасау туралы жазылған.

Кейінгі жоғары технологиялы таба Данияда жасалған және оған Scanpan ыдыстарына қолданылатын керемика-титан жабыны пайдаланылды. Титан мен керамиканың қоспасы ыстық болатыны соншалық (30 000 градус), олардың атомдары зарядталған бөлшектердің бұлтына (техникалық тілде: плазмаға) ыдырайды, олар дыбыстан жоғары жылдамдықпен алюминий табаның бетіне қатты болып шығады.

The Verge басылымы осы мәселеге қатысты SharkNinja компаниясынан түсініктеме беруін сұрады. Дегенмен компания жауап қатпады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz