Жақында Instagram желісінде үйіндінің астында қалған екі адамның суреті пайда болды (тікелей сілтеме, архивтегі сілтеме). Пост сипаттамасында «Түркиядағы жер сілкінісінің фотосы» деп жазылған. Дәл осы сурет жарияланған тағы бір жазба екі күн ішінде 16 000-нан астам лайк жинады, бірақ кейін постты өшіріп тастаған.
USA Today фактчекерлері суреттің Түркиядағы жер сілкінісінің емес, танымал сериалдың кадры екенін анықтады.

Суретте “Тақтар ойыны” сериалының кейіпкерлері — Серсея Ланнистер (актриса Лена Хиди) мен Джейм Ланнистер (актер Николай Костер-Вальдау). Сериалдың соңғы бөлімінің сюжеті бойынша, оларды Тирион Ланнистер (актер Питер Динклейдж) Гавань корольдігіндегі үйіндінің астынан тауып алады.
Осылайша, фотоның Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісіне еш қатысы жоқ болып шықты.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.