Жасанды интеллект адамнан тоқ ішектің қатерлі ісігін тапты

Англиядағы Саут-Шилдс қаласының 75 жастағы тұрғыны Джин Тайлер тоқ ішек қатерлі ісігінің бар-жоғын анықтау үшін жасанды интеллект зерттеуіне қатысты. Нәтижесінде оның ағзасынан онкология белгісі анықталды. Кейін әйел ота жасатып, ауруынан айығып шықты. Бұл туралы BBC хабарлады.

Сынақ кезінде жасанды интеллект дәрігерді қызықтыруы мүмкін тін аймақтарын белгілеп шықан. Жасанды интеллектінің жұмысынан соң науқасты дәрігер тексерген.

Бұл зерттеу Colo-Detect деп аталады. Оған Англияның ұлттық денсаулық қызметінің 10 қорынан 2000-ға жуық науқас қатысты.

Мен мұндай зерттеу жобаларына үнемі “иә” деймін. Себебі олардың өмірімізді жақсартуы мүмкін екенін білемін.

Джин Тайлер

Зерттеуді Ньюкасл университетінің профессоры Колин Рис пен оның командасы жүргізді. Оған қоса олар South Tyneside және Sunderland NHS Trust қорында жұмыс істейді.

Factcheck.kz