Жаңғақ, сыра, кола мен қант: жүктілікті арттыратын арнайы рецептің бары рас па?

Facebook-та “Әйел адам сыраны, Гарциния кола деген жаңғақты, газдалған сусын және қантты араластырып ішсе, жүкті болу мүмкіндігі артады” деген ақпарат тарады. AFP фактчекерлері деректі тексерді.

Бұл постты қолданушылар 2000-нан астам рет бөлісті. Онда “жүкті болуға арналған құрал” деп жазылған. Оған қоса мәтінде рецепт бар: ащы жаңғақты, қантты, сыра және алкогольсіз сусынды 24 сағат бойы тұндырып қою керек дейді.

Бұл мағлұматты бірқатар жерден табуға болады (мұнда, мұнда және мұнда).

Алайда мамандар бұл ақпарат медициналық тұрғыдан дәлелденбегенін айтады.

Бенин университетінде сабақ беретін акушер, нигериялық гинекология профессоры және бедеулікті емдеу бойынша маман Майкл Азикен AFP Fact Check-ке берген сұхбатында рецепт туралы мәлімдемені өтірік деді.

Азикеннің айтуынша, бедеулікке немесе жүктілікке мүмкіндіктің төмен болуына түрлі жағдай, соның ішінде поликистоз аналық без синдромы, жатыр түтіктерінің бітеліп қалуы және сперматозоидтардың аз немесе мүлдем болмағаны себеп.

«Науқас проблеманың нақты себебін анықтау және тиісті емдеуді алу үшін ауруханаға баруы керек», – деді профессор.

Нигерияның Квара штатындағы Илорин университетінің акушерлік және гинекология профессоры Кикеломо Адесина да көпшілік арасында тараған рецепттің тиімсіз екенін айтады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz