Видеода Газадағы өтірік құрбандар көрсетілген бе?

2023 жылғы 6 қарашада Instagram-ға видео жарияланды. Онда Газадағы өтірік құрбандарды түсіріп жатқан бір топ адам көрсетілген деседі. Snopes фактчекерлері видеоны және оған қатысты ақпаратты тексерді.

Видео 7 қазанда басталған Израиль-ХАМАС арасындағы соғыс тұсында тарады. Материалды жазып жатқан уақытта 1 400-дан астам израильдық, 11 000 палестиналық қаза тапты.

Видеода көрсетілген адам баланың бетін бояп, құдды жарақаттанғандай жасап жатыр-мыс.

Видеода Газадағы өтірік құрбандар көрсетілген бе?

Фактчекерлер бұл видеоны Facebook, TikTok, Х желілерінен тапты. Араб елдеріндегі Израиль өкілі Офир Гендельман да бейнені Х желісіндегі парақшасында бөліскен. Осы материалды жазып жатқанда оның жазбасы 22,6 миллион рет қаралды.

Кейбір жерде “Видео — “Палливуд” деген қастандық теориясының мысалы” деген пікір жазылған. Ал Logically-дың мәліметі бойынша, бұл Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бейбіт тұрғындарға келтірілген шығынды сипаттайтын БАҚ-тың хабарламасын елемеу үшін жасалып отыр.

Фактчекерлер “видеоның сипаттамасы қате жазылған” деген қорытындыға келді. Кадрда “Шындық” деген палестиналықтар туралы ливандық қысқаметражды фильмнің түсірілім алаңы бейнеленген. Бұл туралы BBC-дің журналисі Шаян Сардаризаде Х желісінде жазды. Оған бұл ақпаратты фильмнің режиссеры Махмуд Рамзи айтқан.

Рамзи де көпшілік арасында тараған видеоны Instagram-дағы Stories-іне салған. Онда былай делінген: “Жаудың халқымызға қарсы жасаған ең сұмдық қылмыстарының көрінісін көрсету. Шынайы оқиғаларға негізделген. Палестинадағы халқымызбен ынтымақтамыз, Ливаннан сәлем”.

Фактчекерлер Instagram арқылы Рамзимен сөйлесті. Ол Ливанда туған палестиналық режиссер екенін айтты. Вирустық видеоны түсірген қоюшы-режиссер екенін де растады. “Газа мен Палестинадағы халқымыздың қайғысын бөлісіп, олардың көріп отырған азабын көпшілікке көрсетуді қалаймын”, – деді Рамзи. “Мен бүкіл әлемдегі Палестина мәселесіне қатысты оқиғалар мен Газа секторында күнделікті көретін өлім төсегі туралы қысқаша фильм түсірдім”.

Осылайша, “Snopes желіде тараған вирустық роликтың сипаттамасы жалған” деген қорытындыға келді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz