Украинадағы соғыста 40,5 мың ресейлік әскер қаза тапты

Украинадағы соғыста Ресей әскерінің 40,5 мың адамы қаза тапты. Бұл туралы BBC-дің Орыс қызметі мен “Медиазона” басылымының журналистері хабарлады.

Украинада соғыс басталғалы бері “Медиазона” редакциясы BBC-дің Орыс қызметімен және еріктілермен бірлесіп, майданда қаза тапқан ресейлік әскердің тізімін жасап жүр. Олар ақпарат жинағанда тек ашық дереккөзге сүйенеді.

Журналистер кейінгі рет екі апта бұрын статистиканы жаңартып, жариялаған. Ондағы мәлімет бойынша, қайтыс болған адамдардың тізіміне тағы 1175 адамның аты-жөні қосылған. Олардың қатарында подполковник, жоғарғы шені бар бес офицер бар.

Авторлардың айтуынша, Ресей әскері үшін 2023 жыл 2022 жылға қарағанда қанға толы болды.

“Былтыр дәл осы уақытта біздің тізімде 10 мың адамның есімі болған. Кейін 2023 жылы тағы 5 мың азаматтың есімін анықтадық. Сөйтіп 2022 жылы 15,5 мың адам қаза болған деп айта аламыз. 2023 жылдың соңында тізімде 40,5 мыңнан астам адамның аты бар. Біз бұл статистикадағы сан тағы да үштен бірге өседі деп ойлаймыз” , – деп жазды журналистер.

Factcheck.kz