Тістер бас сүйекте бірнеше қатар болып орналасатыны рас па?

Желіде баланың бас сүйегінің фото тарады. Онда баланың тістері бірнеше қатар болып орналасқан. “Проверено” басылымы суретте адам анатомиясы қаншалық дұрыс көрсетілгенін тексерді.

Бұл сурет бірқатар ресурста жарияланды (1, 2, 3, 4).

Басқа сүтқоректілердікі сияқты адамдардың да тісі екіге бөлінеді: сүт тістер және тұрақты тістер. Баланың сүт тістері анасының құрсағында болғанда-ақ қалыптаса бастайды. Ал туғаннан кейін алты айынан бастап олар шыға бастайды. Шамамен үш жасына дейін 20 сүт тісі толық өсіп шығады. 6 жасынан бастап олар түсе бастайды да, орнына тұрақты тістер шығады. Тұрақты тістер бала туғаннан бастап жақ сүйегін дамиды. Орташа есептегенде, 21 жасқа дейін адамның барлық 32 тісі шығады.

Сүт тістер жақ сүйегінде орналасқан тұрақты тістердің қысымынан түседі. Кейде тұрақты тістер қысым көрсетпейді де, дұрыс емес жерден жарып шығып жатады. Кейде дәрігерлер тұрақты дұрыс жерден өсуі үшін әлі босап тұрмаса да, сүт тістерді алып тастауды ұсынады. Демек, бұл тұрақты тістер 6 жасқа дейін жақта қалыптасады және сүт тістері түскеннен кейін дами бастайды деген сөз.

Фактчекерлер суреттің алғашқы дереккөзін таппады. Дегенмен олар фото шынайы болмаса да, ондағы бейнеленген тіс құрылымына күмән келтірудің қажеті жоқ екенін айтады. Себебі көптеген стоматология порталында осыған ұқсас фотолар бар.

Factcheck.kz