14 сәуірде Twitter-де теңізде жүзген дельфин мен иттің видеосы тарап, мыңнан астам қаралым жинады. Сипаттамасында “Теңіздегі дельфин қайықтан құлап қалған итке көмектесті” делінген. Snopes фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.
Шын мәнінде, роликте 1997 жылы жарық көрген «Зевс және Роксана» деген көркем фильмнің үзіндісі бейнеленген.
“Зевс — сотқар ит, Роксана — ғажап дельфин”, – делінген фильмнің Amazon-дағы сипаттамасында.
Көпшілік арасында тараған үзіндіні фильмнің трейлерінен де көруге болады.
Осылайша, “дельфин итті құтқарды” деген мәлімдеме жалған болып шықты.