Технология алыптары ЖИ мәселесіне қатысты консорциум құрмақ

Cisco және Accenture, Eightfold, Google, IBM, Indeed, Intel, Microsoft, SAP сияқты жетекші компаниялар консорциум құратынын мәлімдеді. Оның мақсаты – жасанды интеллект технологиясы әсерін беруі мүмкін қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау. Бұл туралы IBM сайтында хабарланды.

Консорциум құру үшін олар жасанды интеллект қызметкерлерінің дағдыларын нақты қалай өзгертетінін бағалауы керек. Бірінші кезеңде кәсіпорын басшылары мен төменгі буын қызметкерлеріне практикалық ұсыныстар мен есеп беріледі. Мұнда жасанды интеллект енгізілген ортаға бейімделу туралы айтып отырмыз. Оған қоса бағдарлама аясында жасанды интеллект арқылы жұмыс істей алатын қызметкерлердің дағдысын арттыруға мән беріледі.

Бірінші қадам ретінде консорциум ЖИ-дың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы 56 лауазымға әсерін бағалайды және қызметкерлерді оқыту бойынша ұсыныстар береді.

Консорциум мүшелері біліктілікті арттыру бағдарламалары алдағы 10 жылда бүкіл әлем бойынша 95 миллионнан астам адамға пайдасын береді деп ойлайды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz