Сыртқы істер министрлігі Азаттықтың 36 журналисіне аккредитация бермей отыр

Қазақстанның сыртқы министрлігі Азаттықтың 36 журналисіне аккредитация бермей отыр. Оған қоса депутаттар аккредитациясы жоқ шетел медиасының жұмысына тыйым салуды ұсынып жатыр. Мұндай ережені Масс медиа туралыға заңға енгізбек. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Басылымның мәліметі бойынша, депутаттар ұсынған өзгертулер күшіне енсе, сыртқы істер министрлігі “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда” шетел ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистеріне аккредитация бермеу құқығына ие болады. Оған қоса бұл өзгеріс аккредитация алмаған шетел медиасы мен журналистеріне кәсіби қызметімен айналысуына тыйым салады.

Заң нормалары бұзылған жағдайда, министрлік шетел ақпарат құралдарының қызметін соттан тыс тәртіпте тоқтата алады.

Сарапшылар заңға ұсынылған жаңа толықтырулар сөз еркін мәселесін қиындатады, Қазақстандағы тәуелсіз ақпарат құралдарының жабылуына әкеледі деп санайды.

Азаттық Радиосы кейінгі бірнеше жылда министрлік редакциясының 36 журналисіне аккредитация бермей келе жатқанын айтады. Олардың ішінде 2022 жылғы аккредитациясын ұзартай алмай жүрген журналистер де бар.

“Аккредитациясыз, мәселен, митиң ортасынан хабар тарата алмаймыз. Ешбіріміз мәжіліске кіре алмаймыз, ресми органдардың баспасөз жиынына қатыса алмаймыз. Кіруге рұқсат сұрап, хабарлассақ, кейбір баспасөз хатшысы “сіздерде аккредитация жоқ қой” деп мәз болып жатыр. Мен өз елімде өзім сүйетін мамандықта өзім қалаған басылымда еркін жұмыс істегім келеді. Бірақ тәуелсіз журналист болу үшін күресетін кез келген сияқты, өкінішке қарай”, – деп жазды желідегі парақшасына Азаттықтың журналисі Аян Қалмұрат.

Редакция барлық құжатты бірнеше рет уақытылы тапсырған. Алайда биыл қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азаттық тілшілеріне аккредитация бермейтінін хабарлады. Азаттық өз мүддесін сотта қорғамақ.

Factcheck.kz