Стив Возняк ЖИ қаупі туралы айтты

Жасанды интеллектің дамып кеткені сонша, ол жеке басы туралы жалған дерек беретіндер үшін таптырмас құралға айналуы мүмкін. Бұл туралы Apple Computer негізін қалаушы Стив Возняк BBC-ге берген сұқбатында айтты, деп жазды SecurityLab. Возняк OpenAI әзірлеген 4-GPT чат-ботын мысалға келтірді. Бот адам сияқты әңгіме өрбітеді, ән жаза алады және ұзын-сонар құжатты қысқаша баяндап бере алады.

Десе де Возняк жасанды интеллект адамдарды алмастырады деп ойламайды, себебі оның эмоциясы жоқ. Белгілі программистің айтуынша, жаңа технологиялар алаяқтардың өзіне сенімін арттырады. Сондықтан жасанды интеллект жасаған контентке оны жариялаған адамдар жауапты.

Сонымен қатар Возняк реттеушілерді “ойыма келгенді істей аламын” дейтін ірі технология компанияларын жауапқа тартуға шақырды, бірақ ол бұл ұсынысы орындалатынына да күмәнданады. “Өкінішке қарай, әдетте ақшамен қозғалатын күштер жеңеді“, — деді ол. Оның айтуына қарағанда, жаңа технологияны тоқтату мүмкін емес, бірақ адамдарға алаяқтарды тануға үйренуге болады.

Factcheck.kz