Стэнли Кубриктың америкалықтардың Айға қонғаны туралы фильмі өтірік пе?

Facebook-те марқұм кинорежиссер Стэнли Кубриктың сұхбаты тарады. Онда Кубрик фильмінде “америкалықтардың Айға қонғанын” қолдан жасағанын айтқан деседі. Бейне миллионнан астам қаралым жинаған. FullFact фактчекерлері видеоны тексеріп көрді.

Видеода “Ғарыш одиссеясы 2001”, “Жарқырау”, “Бұрамалы апельсин” фильмдерінің авторы көрсетілген. Онда Кубрик “АҚШ үкіметі және NASA-мен бірлесіп, ауқымды алаяқтық жасағанын” мойындады-мыс. Бірақ ол қандай алаяқтық жөнінде айтып жатқанын түсіндірмейді, тек “Айға қонуды” атап өтіп, “бұл жағдайда қастандық теориктерінікі дұрыс” деп айтады. Соған қарағанда мұнда әңгіме “1969 жылғы америкалықтардың Айға қонғаны ойдан шығарылған” деген қастандық теориясына қатысты сияқты.

Алайда фактчекерлер сұхбат үзінділері 2015 жылы шыққан “Стэнли Кубрикты ату” фильмінен алынғанын анықтады. Snopes және Gawker фактчекерлері бұл фильмде Кубрикты актер сомдайтынын жазды.

Видеода Кубриктың өзі емес екенін дәлелдейтін бірнеше белгі бар. Мысалы, бір жыл бұрын, 1998 жылы сөз сөйлегендегі Кубриктың түрі мен даусы Facebook-те тараған видеодағы адамдікіне ұқсамайды.

Кубриктың әйелінің өкілі Gawker-ге “тараған барлық оқиға ойдан шығарылған, алаяқтық және шындыққа жанаспайды” деді. Оған қоса 2006 жылы Кубриктың қызы әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады. Онда ол тараған ақпаратты “гротеск өтірігі” деп атады.

Factcheck.kz