Софи Лорен нөл өлшемі туралы айтқаны рас па?

Кино әлемінде испаниялық сұлу атанған Софи Лорен туралы түрлі рас-өтірік ақпарат бар. Мәселен, “1965 жылы Лорен: “Өлшемім нөл болғанша, макарон жеп, вино ішкенім артық” деп айтты” деседі. Snopes фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Бұл мәлімдеме бірқатар жерде тарады (1, 2, 3, 4).

Біріншіден, фактчекерлер ол уақытта нөл өлшемі болмағанын анықтады. Ол кезде әйелдерге арналған киімнің ең кішкентай өлшемі – 8.

Екіншіден, авторлардың айтуынша, нөл өлшемі (zero size немесе 00 – ред) АҚШ-та ғана қолданылады. Мұндай өлшемді Еуропада, оның ішінде Италияда қолданбайды.

Үшіншіден, ағылшын немесе итальян тіліндегі бірде-бір беделді әрі сенімді басылым Лореннің осылай айтқанын жазбады.

Осылайша, бұл цитата Лоренге тиесілі емес деуге болады.

Factcheck.kz