“Сипмсондар” АҚШ-тағы ірі банктің банкрот болатынын болжады ма?

10 наурызда ірі америкалық Silicon Valley Bank-ның банкротқа ұшырағаны белгілі болды. Осы жағдайдан кейін сарапшылар қауымдастығы АҚШ-тың банк жүйесінің тұрақтылығына байланысты алаңдай бастады. Көп ұзамай интернетте “танымал әрі ескі “Симпсондар” анимация фильмінде дәл осы банктың банкрот болғаны көрсетілген. Олар мұны да алдын ала болжаған” деген қауесет пен бейне тарады. Snopes фактчекерлері видеоны тексеріп көрді.

"Сипмсондар" АҚШ-тағы ірі банктің банкрот болатынын болжады ма?
Тараған видеоның скрині

Фактчекерлер тараған видеоның 1995 жылғы “Симпсондар” фильмінің The PTA Disbands деген эпизодындағы шын кадрларынан жасалғанын анықтады. Қарастырылып отырған көрініс 1947 жылғы «Бұл керемет өмір» деген классикалық фильмдегі банктың сәтсіздігі туралы сахнаға пародия ретінде жасалған.

Шын мәнінде, анимация фильмінің эпизодының түпнұсқасында First Bank of Springfield деп жазылған. Алайда белгісіз біреулер оны өзгертіп, оның орнына Silicon Valley Bank деп жазып қойған.

Осылайша, көпшілік арасында ерекше болжамдарымен танымал болғанына қарамастан, “Симпсондар” мультфильмінде Silicon Valley Bank-ның банкротқа ұшырайтыны туралы айтылмаған.

Factcheck.kz