Интернетте Швейцарияның маммографияға тыйым салғаны, ал басқа елдердің, соның ішінде Канаданың бұл процедураны тоқтатқаны туралы ақпарат тарады. AFP фактчекерлері деректің рас-өтірігін тексерді.
«Швейцария – маммографияға тыйым салған әлемдегі бірінші ел. Сонымен қатар Канадада, Үндістанда, Шотландияда және Аустралияның кейбір бөлігінде скрининг қызметтер тоқтатылды», – делінген 2024 жылғы 8 мамырда X әлеуметтік желісіне шыққан постта.
Оған қоса маммографияның зияны, теріс нәтижесі айтылған X және Facebook-тегі жазбалардың скриншоты тарады.
Зерттеушілер жақында жас әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігі жиі кездесетінін анықтады. 2022 жылы Еуропалық комиссия ерте жағдайды анықтау үшін әйелдердің 45 жасынан бастап сүт бездері скринингінен өтуін ұсынды. Ал Канада скрининг жасын 40-қа дейін төмендетуді ұсынды.
Фактчекерлер дәрігерлер мен денсаулық сақтау органдары сүт безі қатерлі ісігінің бар-жоғын анықтау үшін әйелдер қай жасында скринингтен өтуі керек екенін әлі де талқылап жатқанын анықтады. Бірақ Швейцарияда маммографияға тыйым салынғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Федералдық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, “Швейцария онкологиялық лигасы” коммерциялық емес ұйымы фактчекерлерге пошта арқылы елде процедураның бар екенін мәлімдеді.
“Бұл қауесет жалған. Швейцарияда маммография қазіргі уақытта сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың негізгі әдісі болып саналады”, — деді Швейцария онкологиялық лигасы.
Посттағы Канада және басқа елдерге қатысты ақпарат та жалған. Ол мемлекеттерде де маммография бар.