Шаштараздың өкпесі шаш қылына толып қала ма?

Көпшілік арасында “шаштараздардың өкпесі қылға, нақты айтқанда ұсақ шашқа толып қалады. Оны рентген арқылы көруге болады” деген пікір тарап жүр. “Проверено” басылымы фактчекерлері мәлімдемені тексерді.

Бұл ақпарат бірқатар әлеуметтік желі қолданушыларын қызықтырды. Тіпті, 2018 жылы “Вестник парикмахера” басылымы өкпені шаш тозаңынан қалай қорғау керегін баяндайтын мақала шығарды. Енді бір блогтаанатомия музейінде шылым шеккен адам мен шаштараздың өкпесін бір жерге қойып қойған. Көрініс қорқынышты”,- делінген. Ал кейбір форум шаштараз әйелдерге жұмысқа шалбар киіп баруды ұсынады. Себебі шаш тек өкпеге емес, репродуктив жүйе мүшелеріне де түсіп кетеді деседі.

Адамның өкпесі – кеуде қуысында орналасқан жұптық тыныс алу мүшесі. Өкпеге ауа трахея арқылы кіреді, ол ағаш сияқты ұсақ тыныс жолына — бронхтарға тармақталады. Өз кезегінде әрбір бронх тармақталып, бронхиолалар түзеді, олар миллиондаған қапшықпен – альвеоламен аяқталады. Адам дем алғанда оттегі трахея, бронхтар және бронхиолдар арқылы альвеолаларға енеді, ал қан альвеолалардың қабырғалары арқылы өтіп, гемоглобиннің арқасында оттегіні ұстап, онда көмірқышқыл газын қалдырады. Дем шығарғанда көмірқышқыл газы альвеолалардан шығып, қайтадан бронхиолалар, бронхтар және трахея арқылы өтіп, денеден шығады.

Өкпеге шынымен де лас заттар түсуі мүмкін. Олар көлеміне қарай үшке бөлінеді: үлкен, кішкентай, өте кішкентай. Үлкендерінің диаметрі — 2,5-10 мкр аралығы (мысалы, құмның бір түйіршігінің диаметрі — 7,5 мкр). Кішкентайлардың диаметрі — 0,1-2,5 мкр, ал өте кішкентайлардыкі 0,1 мкр-дан ұсақ. Соңғы екеуі адам ағзасына өте қауіпті. Кішкентай лас заттар шынымен-ақ өкпеге, өте кішкентай түрлері альаволадан қан ағымына түсуі мүмкін.

Дегенмен адам шашының нақты өлшемі жоқ. Шашттың диаметрі — түсіне, құрылымына байланысты шамамен 17-181 мкр аралығы. Бірақ адам ең жіңішке шаштың өзінен түшкіргенде, жөтелгенде құтыла алады. Оның үстіне шаштың қылдары қанға түсуі мүмкін емес. Сол себепті рентген арқылы өкпедегі шашты көру, музейдегі шаштараздың өкпесі туралы оқиғалар шындыққа жанаспайды. Оларды растайтын дәлел жоқ.

Шаштараздың өкпесі шашқа толып кетпесе де, бұл саланың да қауіпті тұсы бар. Себебі мамандар жұмысында көбіне химия заттарын қолданады.

Осылайша, ешбір шаш не оның ең жіңішке қылы өкпеге де, қанға да түспейді. Альвеолалар арқылы тамырларға кіре алатын бөлшектердің диаметрі адам шашынан кем дегенде 170 есе аз.

Factcheck.kz