Рим Папасының ЛГБТК+ туын жамылып түскен фотосы рас па?

Әлеуметтік желіде Рим Папасының ЛГБТК+ туын жамылып түскен фотосы тарады. Agence France Press фактчекерлері суретті тексеріп көрді.

“Fuck #PopeFrancis”, – делінген 2023 жылғы 15 маусымдағы Twitter-дегі жазбада. Онда Рим Папасының түрлі түске боялған туды жамылып тұрған төрт фотосы бейнеленген. Бұл суретті басқа қолданушылар да жариялаған.

Рим Папасының ЛГБТК+ туын жамылып түскен фотосы рас па?
Twitter-дегі жазба скрині

 AFP фактчекерлері суретті ең ерте жариялағандардың бірі Twitter-дегі Gay Forest деген парақша екенін анықтады. Фотоны 2023 жылы сәуірде дәл осындай атаудағы Facebook аккаунты да жүктеген. Дегенмен екі жердегі жазбаның астында #midjourneyv5 и #midjourney хэштегі жазылған. Бұл — жасанды интеллектінің фотоға ұқсас кескінді жасау үшін қолданатын жүйесі.

Фактчекерлер желіде тараған фотоның шынайы екенін растайтын дәлел таппады. Керісінше, күмән тудыратын бірнеше белгісін байқады.

Видео ойындар жасайтын Naughty Dog компанияның суретшісі Дель Уокердың айтуынша, Рим Папасының бет-әлпеті мен кей объектінің тым тегіс екені жасанды интеллект арқылы жасалғанын көрсетеді. Оған қоса Рим Папасының иығындағы тудың жолақтары симметриялы емес.

Сонымен қатар AFP агенттігі өзінің фотоархивінен Рим Папасының ауруханаға жатқаннан кейінгі фотосын тапты. Оны 16 маусымда Альберто Пицзоли түсірген. Фотода Рим Папасы әдеттегі дәстүрлі киімін киген әрі кеудесіне крестін таққан. Оның крестінде Иса мен қой отары бейнеленген. Ал ЛГБТК+ туын жамылған фотодағы Рим Папасының мойнындағы крестің ою-өрнегі мүлдем басқа.

Factcheck.kz