Ресей Азаттық Радиосын “жағымсыз ұйымдар” тізіміне қосты

Ресейдің әділет министрлігі Азаттық Радиосы/Азат Еуропа корпорациясын елдегі “жағымсыз ұйымдар” тізіміне қосты. Тізім министрліктің сайтында 20 ақпанда жарияланды, деп хабарлады Азаттықтың Қазақ қызметі.

Мұндай шешімді Ресейдің бас прокуратурасы қабылдады.

Қазіргі уақытта Ресей билігінің тізімінде 142 “жағымсыз ұйым” бар. Бұл тізімге Ресей билігі “елдің конституциялық құрылымына, қауіпсіздігіне, елдің қорғаныс әлеуетіне қауіп төндіреді” деп санайтын ұйымдарды қосады. “Жағымсыз ұйымдарға” ел аумағында жұмыс істеуге тыйым салынады, ал тізімдегі ұйымдарда жұмыс істеген, оған қаржы аударған ресейліктер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Factcheck.kz