Oyan, Qazaqstan-ның тағы төрт белсендісі босап шықты

18 қаңтарда Oyan, Qazaqstan қозғалысының тағы төрт белсендісі — Ақмарал Жәкібаева, Айсұлтан Құдайберген, Жанель Шахан мен Темірлан Еңсебек босап шықты.

Oyan, Qazaqstan мүшелері 3 қаңтарда Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында қозғалыстағы жақтастарын қолдап пикетке шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді. Сот белсенділерге “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айып таққан.

Алты адамды 15 тәулікке заңсыз қамағанын, биліктің осындай шешім қабылдағаның көрдіңіздер. Осының бәрін көріп отырып, халыққа “қорықпаңыздар” дегім келеді. Күш бірлікте. 15 тәулікке қамалғандарды құрбан деп те, батыр деп те қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл — жүйенің салдары. Сол себепті бізге саяси реформа қажет”, — деді Жанель Шахан.

Айта кетейік, 9 қаңтарда Oyan, Qazaqstan қозғалысының екі белсіндісі Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаров түрмеден босап шықты. Олар 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні Алматыдағы орталық алаңда наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған.

Factcheck.kz