Oyan, Qazaqstan қозғалысының екі белсендісі босап шықты

9 қаңтарда Oyan, Qazaqstan қозғалысының екі белсендісі – Бота Шәріпжан мен Равқат Мұхтаров босап шықты. Бұл туралы Oyan, Qazastan-ның İsntagram парақшасы хабарлады.

Бота Шәріпжан мен Равқат Мұхтаров 16 желтоқсанда Алматыдағы Абай алаңына митиңге шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді. Оларға “рұқсат етілмеген митиңге қатысты” деген айып тағылған.

Сонымен қатар 3 қаңтарда Oyan, Qazastan-ның тағы бір мүшесі Жанель Шахан “бейбіт митиң тәртібін бұзды” деген айыппен, 4 қаңтарда Айсұлтан Құдайберген, Ақмарал Жақыбаева және Темірлан Еңсебек “рұқсат етілмеген митиңге шықты” деп айыпталып, 15 тәулікке қамауға алынды.

“Қазір жақындарым мен туыстарымды көргеніме қуаныштымын. Бірақ жағдайымыз қуанатындай емес. Ішімді әділетсіздік өртеп барады. Өйткені Oyan, Qazaqstan мүшесінің алтауын қамап қойды”, – деді Бота Шәріпжан Азаттыққа берген сұхбатында.

Factcheck.kz