OpenAI Sora деген жаңа өнімін ұсынды

OpenAI Sora деген жаңа өнімін ұсынды. Бұл жасанды интеллект өнімі мәтін сипаттамасынан видео жасай алады. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

Sora ұзын-қысқа мәтіннен немесе қозғалмайтын суреттен сапасы 1080 болатын, әртүрлі кейіпкер мен фоннан тұратын видео жасай алады. Мысалдарды компанияның уеб-сайтынан көруге болады.

Оған қоса бар видеоларға қосымша деталь қойып бере алады.

Sora әртүрлі стильдегі – фото сияқты, анимациялық, ақ-қара түсті ролик жасайды. Олардың ұзақтығы шамамен 2 минутқа дейін жетеді. Оған қоса онда ақылға қонымды іс-әрекеттер бейнеленеді. Мысалы, физикалық түрде мүмкін емес әрекеттер көрсетілмейді.

OpenAI бар Sora-ны өндіріске дейінгі өнім ретінде сатады. Компания алаяқтардан сақтану үшін бұл модельді үйрету үшін қандай деректер қолданғанын және оған қатысты басқа мәліметті ашық айтпады.

Factcheck.kz