OpenAI негізін қалаған Суцкевер жаңа жобасын таныстырды

Өткен айда компаниядан кеткен, OpenAI негізін қалаған Илья Суцкевер өзінің Safe Superintelligence немесе SSI деген жаңа жасанды интеллект жобасын ашты. Бұл туралы CNBC хабарлады.

«Мен жаңа компания ашып жатырмын. Біз бір фокус, бір мақсат және бір өніммен қауіпсіз суперинтеллект құруға тырысамыз», – деп жазды Суцкевер жаңа компанияның X желісіндегі парақшасында.

Суцкевер OpenAI-дің бас ғалымы болды және Ян Лейкпен бірге компанияның Superalignment тобын басқарды. Ян Лейк те мамырда бәсекелес AI Anthropic фирмасына кеткен.

Superalignment OpenAI командасы жасанды интеллект жүйелерін басқарумен және бақылаумен айналысты, бірақ Суцкевер мен Лейк кеткеннен кейін команда тарқатылды.

Суцкевер өзінің жаңа бастамасында қауіпсіздікке назар аударатынын айтты.

«Біздің ерекше назарымыз бізді басқару шығындары немесе өндірістік циклдармен алаңдатпйтынын білдіреді және біздің бизнес-модель қысқа мерзімді коммерциялық қысымға ұшырамай, қауіпсіздік пен ілгерілеуді қамтамасыз етеді», – деп жазды ол Х желісінде.

Factcheck.kz