Оңтүстік Корея полициясы “дипфейк порнография тарату” және “жасөспірімнің жасанды интеллект арқылы ашық бейнесін жасау” деген айып бойынша Telegram мессенжеріне қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы “Америка дауысы” хабарлады.
“Дипфейк порно” деп мұнда порнография видеоларға жасанды интеллект арқылы адамдардың бет-әлпетін қиып қойылғаны айтылып тұр.
Тамызда Оңтүстік Кореяның хабар тарататын компаниясы университет студенттері курстастарының дипфейк болып саналатын порнография суреттерін заңсыз чаттарда алмасқанын хабарлады. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды.
“Осы дипфейкке қатысты қылмысты ескеріп, Ұлттық полиция агенттігінің Сеул бөлімшесі өткен аптада қылмысқа көмектесу үшін тергеуді бастады”, – деді полиция агенттігінің тергеу бюросының басшысы У Чон Су.
“Telegram өкілдері өзіне қатысты қылмыстарды тергеу кезінде ақпарат беру туралы бұрынғы сұрауларымызға жауап бермеді”, – деді ол.
У Чон Судың айтуынша, өткен аптаның өзінде полиция дипфейк порнографияға қатысты 88 хабарлама алды, 24 күдіктіні анықтады.