Найзағай құмнан мүсін жасай ала ма?

2022 жылғы жазда Twitter-де ерекше құмның фотосы тарады. Онда найзағай түскен соң, түзіліп, ерекше формада қатып қалған құм бейнеленген. Сипаттамасында “найзағай құмға түссе, оны тасқа айналдырып, түрлі мүсін жасайды” деп жазылған. Snopes фактчекерлері суретті және табиғат құбылысына қатысты деректі тексеріп көрді.

Twitter-дегі @picpedant парақшасы тараған суретте найзағай түскен құм емес, Мэт Калинер деген адамның құмнан арнайы жасаған мүсіні екенін хабарлады. Калинер бұл суретті 2007 жылы Flickr-ге жариялаған. Сонымен бірге бұл мүсін ауқымды өнер нысаны болып саналады. Ол Пуэрто-Рико жағажайында орналасқан.

Дегенмен найзағайдың кейде құмды қатырып, мүсінге айналдыратыны да рас.

Бұл туралы Scientific American журналы былай жазады:

Найзағайдың құмға түсіп, одан ерекше бір дүниені жасай алатыны таңғаларлық, бірақ құм жатқан жер мінсіз болуы қажет. Ол кремний диоксиді немесе кварц мөлшері жоғары құмды жағажайға түскенде және температура 1800 градустан асқанда, разряд құмды кварц әйнегіне айналдыруы мүмкін. Миллиардтаған джоульдың жарылысы жерге еніп, құмды беті бар қуыс фульгурит әрі әйнекпен қапталған құбырларды жасай алады. Тасқа айналған найзағай.

Мысалы, АҚШ-тың ұлттық саябақ қызметі найзағайдың әсерінен қатып, мүсін болып қалған құмды түсірген. Бұл жоғарыда аталған мүсіншінің жұмысынан ерекшеленеді.

Найзағай құмнан мүсін жасай ала ма?
Factcheck.kz