Meta «Россия сегодня» және RT арналарын бұғаттау туралы шешім қабылдады

Facebook желісіне иелік ететін Meta компаниясы АҚШ пен басқа да мемлекеттердің билігі ықпал ету операциялары үшін айыптаған ресейлік «Россия сегодня» және RT мемлекеттік құрылымдарын өз желілерінен бұғаттау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

«Мұқият ойлана келе, біз ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа қарсы шараларымызды кеңейту туралы шешім қабылдадық. Шетелдің ісіне араласқаны үшін «Россия сегодня», RT және олармен байланысы бар басқа ұйымдарға біздің қолданбаларымызды қолдануға тыйым салынды», – деді Meta мәлімдемесінде.

Шешім бірнеше күнде күшіне енеді.

BBC RT (бұрынғы Russia Today), Sputnik агенттігі мен радиосына иелік ететін Russia Today медиахолдингі, РИА Новости және басқа агенттіктер, Ресейдің АҚШ-тағы елшілігінен түсініктеме беруді сұрады, бірақ олар бұл сауалға жауап бермеді.

Meta Facebook-тен басқа WhatsApp мессенджеріне, Instagram және Threads әлеуметтік желілеріне иелік етеді.

Екі жыл бұрын компания Ресейдің мемлекеттік үгіт-насихатына қарсы бірқатар қатаң шаралар қолданып, платформаларында олардың жарнамасына тыйым салған.

Factcheck.kz