Мангоның ақ түрі бар ма?

Интернетте ағашта өсіп тұрған жұмыртқаға ұқсас аппақ жемістің фотосы тарады. Адамдар оны ақ манго деп ойлады. Reuters Fact Check басылымы суретті тексеріп көрді.

Ақ манго Африканың кейбір жерінде, Таяу Шығыста және әлемнің басқа бөліктерінде кездеседі“, — делінген Facebook хабарламасында.

Суреттер Twitter-де де жарияланған (тікелей сілтеме, архив сілтеме).

Мангоның ақ түрі бар ма?

Фактчекерлер фотоның шынайы емес екенін анықтады. Суреттердің төменгі сол жақ бұрышынан Microsoft Bing деген арнайы таңбаны көруге болады.

Microsoft өкілі Reuters агенттігіне электрон пошта арқылы бұл суретті пайдаланушылар Bing Image Creator (жасанды интеллект арқылы кескін жасау қызметі — ред.) арқылы жасағанын айтты.

Суретте объектілерде айқын ақаулар мен деформациялары бар, олардың кейбірі бір-бірімен біріккен, ал басқаларынің пішіні дұрыс емес. Адамның қолы да жасанды интеллект арқылы жасалғаны байқалады: деформациялар бар және саусақ саны дұрыс емес“, – деді дипфейк және жасанды интеллектің генератив жөніндегі кеңесшісі Хенри Айдер.

Буффало университетінің информатика және инженерия профессоры Сивэй Лю де суреттің бірінде қолдың дұрыс салынбағанына назар аударды. Оның айтуынша, жасанды интеллект физикалық әлемдегі барлық заңдылық пен пропорцияны білмейді.

Factcheck.kz