Крокус сити холлдағы теракт: көк киім киген адамдардың атысқа қатысы бар ма?

Крокус сити холлдағы теракті кезінде көк киім киген адамдар жүрген. Желіде “олардың атысқа қатысы бар” деген ақпарат тарады. Meduza басылымы әріптестерінің және OSINT зерттеуіне сүйеніп, деректің рас-өтірігін айтты.

Басылымның айтуынша, терактіден кейін бір күн өткен соң журналист Марчин Ролдың TikTok-қа жариялаған видеосы кеңінен тарап кетті. Бірақ ол видеоның авторы емес. Бейнені теракті кезінде концертте болған бір адам түсірген. Журналист ол видеоны жариялап, сипаттамасына былай жазды:

“ШҰҒЫЛ! Ресейде теракт? Көп адам жараланды және өліп кетті! Мәскеудегі Крокус сити холл деген танымал ғимарат өртеніп жатыр. МҰНЫҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?”

Бұл видеоны көрген Х желісінің қолданушылары журналистің сұрағына жауап тапқан. Олар видеода асты-үстіне көк киім киген төрт ер адамның террористер кіргенге дейін бірнеше секунд бұрын есікті жабу керек деп айғайлағанынан күмәнданды. Адамдар осыған қарап, барлау қызметкерлерінің жасырын тобы лаңкестік әрекетті үйлестірген деп ойлады.

Крокус сити холлдағы теракт: көк киім киген адамдардың атысқа қатысы бар ма?

Тіпті, кейбір қолданушы бұлыңғыр кадрлардан арнайы қауіпсіздік қызметкерлерінің жүзін көрген.

Бұдан бөлек тағы басқа нұсқалар тарады: 22 наурыздағы теракті кезінде құпия топтың мүшесі залда болып қоймай, 23 наурыз таңертең орманда күдіктінің бірін ұстаған деседі. Қолданушылар залдағы және ормандағы адамның шаш үлгісі және қолында таққан сағат ұқсас дейді.

Крокус сити холлдағы теракт: көк киім киген адамдардың атысқа қатысы бар ма?

Бұл теорияның өршігеніне Nexta деген беллорусиялық жобаның экспресс-зерттеуі себеп болды. Басылым журналистері Мәскеудегі Сосенское елді мекенінде орналасқан спорт орталығының сайтынан барлаушы деген күдіктінің бірінің суретін тапты. Оған қоса олар осы жерде Ресей Федерациясының қарулы күштері бас штабының (ГРУ) Бас барлау басқармасының штаб-пәтері екенін анықтады.

Оған қоса материал авторлары көк киім киген топ мүшесінің бірі қарулы лаңкесті залалсыздандырды деп болжады (билік пен мемлекеттік БАҚ терактіден кейінгі төрт күн ішінде бұл эпизодты дәлелдеген жоқ).

Дегенмен OSINT зерттеушілері 26 наурыз кешке өз зерттеуін жүргізіп, көк киім киген адамдарға қатысты нұсқаны жоққа шығарды. Олар құпия топ мүшелерінің басқа фотоларын, мәліметтерін анықтады. Ол адамдардың бет-әлпетін арнайы бағдарлама арқылы тексеріп көрді.


Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz