Украина елшілігі Тәжікстан азаматтарын халықаралық легионға шақырған ба?

2024 жылғы наурыздың соңында интернетте бір скриншот тарады. Ол Украинаның Душанбедегі дипломатиялық миссиясының парақшасы деседі. Адамдар бұл суретті “Крокус Сити Холлдағы терактіге Киевтің қатысы бар екенінің дәлелі” деп қабылдап жатыр. “Проверено” басылымы деректі тексерді.

22 наурыз кешке лаңкестер Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында “Пикник” тобының концерті өтетін Крокус сити холлдың концерт залына басып кірді. Шабуылдағандар ондағы адамдарға оқ жаудырып, кейін ғимаратты өртеп жіберген. Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің 30 наурыздағы мәліметі бойынша, теракт салдарынан 144 адам қаза тапқан, тағы 551 адам жарақат алған. Бұл материал жазылып жатқанда “лаңкестік әрекетті жасады және ұйымдастырды” деп кемінде 10 адам ұсталғаны, олардың Тәжікстан азаматтары және сол елден Ресейге барған иммигранттар екені белгілі болды.

“Ислам мемлекеті” терактіні өз мойнына алды. Дегенмен Ресей бұл шабуылдың артында Киев тұрғанын алға тартты.

24 наурызда Telegram-да скриншот пайда болды. Онда Украинаның Тәжікстандағы елшілігінің Facebook парақшасы бейнелеген және тәжіктерді Украинаның халықаралық легионына шақырғаны жазылған. Бұл скриншот бірқатар жерге жарияланды (1, 2, 3).

Алайда скриншот бар жазбада Украинаның Тәжікстандағы елшілігінің ресми парақшаларының сілтемесі қойылмаған. Оған қоса скриншоттағы мәтін орысша жазылған. Ал Тәжікстандағы Украина елшілігі кейінгі кезде тек тәжік және украин тілінде ғана жазып жүр. Суретте жазбаның қашан жарияланғаны да көрсетілмеген.

Фактчекерлер де Украинаның Тәжікстандағы елшілігінің ресми парақшаларынан бұл постты таппады.

Сонымен қатар дипломатиялық миссияның аккаунтының профилінде қазір басқа фото тұр. Мұны да ескеру керек.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі “Ел билігі Душанбеде орналасқан Украина елшілігі азаматтарды легионға тартты” деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қорытындыласақ, скриншот қолдан жасалған болса керек.

Factcheck.kz