Қазақстанда әлеуметтік эксперимент кезінде жерде жатқан Украина туын ешкім көтермеген бе?

2024 жылдың басында орыс тіліндегі ресурста қазақстандық блогердің жүргізген эксперименті туралы ақпарат тарады. Блогер Ресей мен Украинаның туын көп адам жиылған орындарда жерге қойып, видео түсірген. Алайда Қазақстан азаматының ешқайсы Украинаның туын көтермеді деседі. “Проверено” басылымы деректі тексерді.

“Қазақстанда жергілікті блогер Украина туын құрметтеу тақырыбында әлеуметтік эксперимент жүргізуді ұйғарды – туды еденнен көтеретін адам бар ма? Ондай ақымақтар болған жоқ, тіпті бір-екі адам ол шүберекпен аяғын сүртті. Қазақстан тұрғындары, жарайсыңдар!”, – делінген блогердің видеосын жариялаған Украина.ру Telegram арнасындағы постта. 29 ақпан шыққан бұл жазба 150 мыңнан астам рет қаралды.

Ал 13 наурызда “Шепот фронта” Telegram арнасы былай деп жазды: “Жақында қазақстандық блогердің Украина туымен тәжірибе жасап жатқан видеосы шықты. Оны ешкім көтермеді, тіпті үстінен жүріп өтті. Ол бүгін сол жерде жаңа тәжірибе жасады. Ресей туымен!”.

«Аргументы и факты» газеті Украинаның туы көтерілмегенін және тапталғанын еске салып былай жазды: «Видеодағы 25 секундта сегіз адам туды көтеруге асықты. Олардың арасында ерлер де, әйелдер де бар. Бір жігіт қолына баланы ұстап тұрғанына қарамастан, туды көтеру үшін еңкейіп кетті”. “

Браво, Қазақстан! Қарапайым халық шындық Ресейде екенін түсінеді“, – деп қосты  «Россия сейчас Telegram арнасы. Бұл жазба 232 мың рет қаралды.

Бұл оқиға туралы ақпарат тағы бірқатар жерге жарияланды (1, 2, 3, 4, 5).

Блогердің үстіндегі киімге қарағанда екі ролик те бір жерде, бірақ әртүрлі күні түсірілген. Дегенмен бұл видеоны бөлісіп жатқан бірде-бір ресурс блогердің парақшасына, түпнұсқа жазбаға сілтеме бермеген.

Бұл видеоны Baurzhan. S. деген Tiktok қолданушысы түсірген. Ол Түркияның, Украинаның, Қырғызстанның, Ресейдің туымен дәл осындай сипаттағы видео түсірген. Украинының туына қатысты бейнені Tiktok-қа 2024 жылғы 27 ақпанда, ал ресейлік туға қатысты роликті 4 наурызда жариялаған. Видеоның қайда түсірілгені жазылмаған, бірақ бұған дейін қолданған тегтері мен видеосындағы орындарға, сауда орталықтарына қарасақ, Солтүстік Қазақстанның Степногорск қаласында түсірілген болса керек.

Алайда орыс тіліндегі ресурста түпнұсқаның видеолардың тек бөлігі тарап жүр. Шын мәнінде, Ресейдің туына қатысты видеоның ұзақтығы 25 секунд емес, 61 секунд. Оның бірінші бөлігінде адамдардың жай өтіп бара жатқаны көрсетілсе, 30-секундынан бастап адамдардың Ресейдің туын қалай көтергені көрсетілген. Эксперимент кезінде жалпы 15 адам жалауды жерден көтерген.

Украина туына қатысты видео ұзақтығы да 27 секунд емес, бір минуттан асады. Мұнда да роликтің басында адамдар өтіп кеткен, ортасынан бастап туды көтере бастаған. Сөйтіп, эксперимент кезінде Украина туын 17 адам көтерген.

Қорытындыласақ, ресейлік медиада эксперимент-видеоның бір бөлігі ғана тараған. “Экспериментте Қазақстан азаматтарының ешқайсы Украина туын көтермей қойған” деген ақпарат жалған.

Factcheck.kz