Күндегі жарқылдың салдарынан АҚШ-та мобайл байланыстар істемей қалған ба?

Facebook-та “АҚШ-та ұялы телефондардың жаппай өшіп қалғанына Күндегі жарқыл себеп” деген ақпарат тарады. USA Today деректі тексерді.

«AT&T байланыс мұнаралары Күндегі қуатты жарқылдан соң істен шықты», – делінген жазбада. Бұл постты қолданушылар төрт күн ішінде жүздеген рет бөлісті.

22 ақпанда АҚШ-та байланыс үзіліп, AT&T телекоммуникация компаниясының мыңдаған тұтынушысы уақытша байланыссыз қалды. Ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқарманың мәліметі бойынша, бұл ғаламшарға Күндегі электромагнит сәуленің екі жарылысының бірі – жарқылы түскеннен кейін бірнеше сағат өткен соң болды.

Алайда жазбадағы мәлімдеме жалған. AT&T байланысы техникалық себептерден істен шыққан. Бұл туралы компания өкілі Джим Кимберли USA Today сайтына пошта арқылы айтты.

“Әрине, оның себебі Күн емес”, – деді АҚШ-тағы ғылыми зерттеу институтының Күнді зерттеумен айналысатын физигі Райан Френч.

Күндегі жарқыл – күннің жарық жылдамдығымен шығаратын жоғары қуаттағы интенсив сәулеленуі. Оның жарқылы Жерге 8 минутта жетеді. NASA оны күшіне қарай бірнеше класқа жіктейді: B-класы — ең әлсізі, Х-класы — ең күштісі. Ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқарманың мәліметі бойынша, 21-22 ақпанда болған жарқыл Х-1— класына жатады.

Райан Френчтің айтуынша, мұндай күштегі күн жарқылы радио және навигация жүйелері сияқты жоғары жиіліктегі (HF) толқын ұзындығын қолданатын құрылғыларға әсер етеді.

Күннің белсендігін бақылайтын Space Weather Live интернет-ресурсының мәліметі бойынша, бұл жүйе Жердің бетіне ықпал ететін ионосфера толқынына байланысты. Френчтің айтуына қарағанда, жарқылдар сол толқындарды бұзады және қуатынан айырады. Соның кесірінен радиобайланыстар бірнеше сағатқа өшіп қалуы мүмкін.

Бірақ ұялы телефондар “экран” ретінде ионосфераны қолданбайды. Олар өте жоғары жиіліктегі диапазон бойынша жұмыс істейді. Френчтің айтуынша, бұл жарқыл ұялы телефон байланысын үзуі үшін Х-1 жарқылынан 20 есе күшті болуы керек.

Оған қоса жарқылдың қай уақытта болғаны да маңызды. Френчтің айтуынша, Күндегі жарқыл жарық болып тұрған, күннің беті қарап тұрған ғаламшардың бөлігіне ғана әсер етеді. Бірақ біз айтып тұрған жарқыл кезінде АҚШ-та қараңғы болды.

Factcheck.kz