Әнші Адель Палестинаға қолдау білдірді ме?

Желіде әнші Адель бейнеленген видео жарияланды. Онда ол Лас-Вегастағы концертте Палестинаның туын ұстап жүргені бейнеленген деседі. Reuters фактчекерлері роликке қатысты ақпараттың қаншалық рас екенін тексеріп көрді.

“Адельге құрметімді білдіремін! Ол Палестинаның туын ұстап, шын жүрегінен ән айтып тұр”, – делінген жазбада. Дәл осыған ұқсас пост Facebook-те де жарияланды.

Әнші Адель Палестинаға қолдау білдірді ме?

Адель шынымен де ту ұстап тұр. Дегенмен ол Палестинаның туы емес.

Tiktok-тан осы видеоның ұзағырақ нұсқасын табуға болады. Ол жерде Адельдің қолындағы туды басқа ракустан көресіз. Видеоның 0:49 секундында туда мексикалық жалауда бар елтаңба бейнеленгені байқалады. Мұндай ұқсастықты Youtube-тағы видеоның шамамен 6-секундында да байқауға болады.

Фактчекерлер скриншот жасап, салыстырып та көрген: видеодағы жалау Мексика туына ұқсайтын болып шықты.

Адель дәл осы видеодағы киімін киіп түскен суретін 1 қазанда Х желісіне жариялады. Оның сипаттамасында: “Демалыс 29” деп жазылған. Бұл сөзі оның АҚШ-тың Лас-Вегасындағы Caesars Palace казиносында және қонақүйінде өтетін “Адельмен бірге өтетін демалыс” концертін меңзеп тұр.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz