БҰҰ Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады

БҰҰ-дың қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады.

14 ел қарарды қолдап дауыс берген, ешкім қарсы болмаған. Дегенмен АҚШ қалыс қалған.

БҰҰ құжатта соғысып жатқан екі тараптан мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айында атысты тоқтатуды, гуманитар көмектің секторға кедергісіз жетуін қамтамасыз етуді талап еткен. Оған қоса АҚШ пен Еуроодақ елдері “террористік ұйым” деп таныған ХАМАС радикал тобы кепілге алған Израиль азаматтарын босату туралы талап қойған.

Қарарды БҰҰ-дың қауіпсіздік кеңесінің он мүшесі дайындаған.

Factcheck.kz