Нобель лауреаттары Путин режимімен күресуге шақырды

39 Нобель сыйлығы иегерінен тұратын топ Украинаны қолдауға және Ресейдегі саяси тұтқындарды қорғауға шақыратын үндеуге қол қойды.

Үндеу авторларының айтуынша, Украинаға көбірек көмектесу керек.

“Украина бұл соғыстан тек жеңілмей, жеңуі де керек. Украиналықтарға дер кезінде көмектессек, адам өлімі азаяды және олардың жерінен агрессорды қуылады”, – делінген үндеуде.

Оған қоса олар бұл соғыс тек Украина мен Ресейге қатысты емес екенін айтты. Қазір көптеген ел Путиннің әрекетінің қауіпін түсінбей жатыр дейді. Сол себепті олар Путин режимімен күресу керек екенін мәлімдеді.

“Путин режимі бүкіл адамзатқа тікелей және анық қауіп төндіретінін көрсетті”, – деп жазды олар.

Оған қоса лауреаттар Ресейдегі саяси тұтқындардың жағдайын да атап өтті.

“Халықаралық қауымдастық Ресейде азапқа ұшыраған саяси тұтқындарды қорғау үшін бірігуі керек. Оппозиция лидерлері Владимир Кара-Мурза, Илья Яшин, Лилия Чанышева және тағы басқалардың өміріне қауіп төніп тұр”, – делінген хатта.

Factcheck.kz