Израильде Нетаньяху үкіметіне қарсы шерулер өтті

Шеруге мыңдаған израильдік азамат қатысты. Олар премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін, 2023 жылы Хамас шабуылы кезінде кепілге алынғандарды қайтаруды талап етті. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Израильде 30 наурызда премьер-министр Беньямин Нетаньяху бастаған үкіметтің саясатына қарсы жаппай наразылық өтті. Тель-Авивте мыңдаған демонстрант мерзімінен бұрын сайлау өткізуді және 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған лаңкестік әрекеттен кейін Газа секторында тұтқынға алынғандарды босатуды талап етті.

Алайда наразылық акциясына қатысқандар мен полиция арасында қақтығыс болып, 16 адам ұсталды. Сонымен қатар полиция Аялон тас жолында көлік қозғалысын тоқтатқан шерушілерге қарсы су атқыштар қолданды. Израиль әскери барлауының бұрынғы басшысы генерал Амос Малка Кесариядағы наразылық акциясына қатысып, Нетаньяхудан отставкаға кетуін сұрады.

Factcheck.kz