Израиль премьер-министрінің ауруханада жатқан фотосы шынайы ма?

2024 жылдың басында желіде Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың ауруханада жатқан фотосы тарады. Ол коронавирус жұқтырып, ауырып қалды деседі. Snopes фактчекерлері суреттің және оған қатысты мағлұматтың қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.

“Шұғыл жаңалық! Премьер-министр Биньямин Нетаньяху коронавирустың мутацияға ұшыраған штампын жұқтырып, ауыр хәлде жатыр. Жағдай өте ауыр дейді”, – делінген Х желісіндегі жазбада.

Google-дың кері іздеу жүйесінің нәтижесі бойынша, бұл сурет интернетте 2016 жылдан бері тарап жүр. Фото Нетаньяхудың 2015 жылы Facebook-қа жариялаған суретінен өңделіп жасалған.

Шын мәнінде, суретте ауруханадағы төсекте терактіден зардап шеккен Адель Беннетт жатыр.

Израиль премьер-министрінің ауруханада жатқан фотосы шынайы ма?

Премьер-министрдің әйелі Сара Нетаньяху оның қал-жағдайын білу үшін ауруханаға барған. Биньямин Нетаньяху постында былай деп жазған:

“Бүгін менің жұбайым Сара өткен сенбіге қараған түні Иерусалимде болған лаңкестік әрекеттен жараланған Адель Беннетт пен оның ұлы Натанның жағдайын білу үшін Хадасса Эйн Керем ауруханасына барды. Әйелім Адельмен және оның ата-анасымен ұзақ сөйлесті, одан жан түршігерлік шабуыл туралы сұрады және оны ұзақ әрі қиын процеске төтеп беруге шақырды. Әйелім оның отбасы үшін қандай көмек болса да, мемлекеттен сұрайтынын айтты.

Әйелім Адель батыл әрі оның рухы мықты деді. Ол жараланған кезінде көп азапты басынан өткерді, бұрын-соңды болмаған қатігездік алдында балаларын құтқаруды ойлады. Сол жерде тұрған, өшпенділікке толы адамдардың зұлымдығы мен қатыгездігін адам тілімен жеткізу мүмкін емес. Бұл – кісі өлтіру. Сол көшеде оны қорлаған, мазақ еткен, тепкен немесе осы сұмдықтың алдында ішіп қарап тұрған жексұрын қанішердің бәрі жазасын алады деп үміттенемін. Еврейлер мен ешкімге тілемейтін азғындықты қайта көрмесе екен деймін”.

Ал премьер-министрдің коронавирус жұқтырғанын бірде-бір беделді агенттік хабарламады.

Factcheck.kz