ДДСҰ: Медицина қызметкерлері қақтығыс алаңында еркін жұмыс істей алуы керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторында медицина қызметкерлері жетпейтінін, олардың еркін жұмыс істеуге мүмкіндігі болмай жатқанын мәлімдеді.

Ұйымның мәліметі бойынша, 26 желтоқсанда олар жоспарланып қойған алты гуманитар көмекті тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені рұқсаттың болмағаны салдарынан екі аптадан бері медицина қызметкерлері Газа секторының солтүстігіне кіре алмай отыр.

“Қажет материалдарға шектеу қоя берсе және жеке бас қауіпсіздігіне қауіп төнеді деп аурухана қызметкерлерін эвуакуациялай берсе, Газаның солтүстігіндегідей, көп мекеме жұмыс істемей қалады. Халықаралық ұйым бұған жол бере алмайды”, – дейді Пиперкорн.

Factcheck.kz