Eurovision байқауында Палестинаның туын көрсетуге тыйым салған ба?

Eurovision байқауында Палестинаның туын немесе бұл елге қатысты белгілерді көрсетуге, ұстауға, сахнаға алып шығуға тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Snopes фактчекерлері мағлұматты тексерді.

Бұл шын ақпарат. Дегенмен байқауда тек Палестинаның емес, Eurovision-ге қатыспаған кез келген мемлекеттің туын, соның ішінде Еуропалық Одақтың туын көтеруге, ұстауға рұқсат етілмейді. Іс-шарада тек ЛГБТК+ өкілдерінің ғана туын көтеруге, ұстап тұруға болады.

7 мамырда Швецияның Мальмё қаласында Eurovision-2024 байқауы басталды. Жартылай финалда әкесі палестиналық болған Eurovision бұрынғы қатысушысы, швед әншісі Эрик Сааде білегіне кафия (әдетте палестиналық ер адамдар басына тағатын орамал – ред) орап шықты. Іс-шара ұйымдастырушылары оған сөгіс жариялады.

Биыл Ирландияның атынан қатысып жатқан әнші Бамби Туг байқаудың жаттығуы кезінде бетіне огам деген көне келт тілінде “атысты тоқтату”, “Палестинаға бостандық” деп жазған. Ұйымдастырушылар жартылай финалға дейін жазуды өшіріп тастауын талап еткен.

Associated Press мәліметі бойынша, шведтік TT ақпарат агенттігі Палестина туын немесе саяси астары бар белгіні іс-шара алып кіруге тырысқан адамдарды кіреберісте күзетшілер тоқтататынын хабарлады.

Израиль бұл байқауға бұрыннан қатысады. Биылғы қатысушысы “Октябрь жаңбыры” деген әнмен шықпақ болған. Алайда ұйымдастырушылар әнде 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС-тың шабуылы айтылатындықтан, әнді ауыстыруын талап етті.

Factcheck.kz