Ғалымдар жасанды интеллект арқылы қастандық теориясымен күресіп жатыр

Массачутс технологиялық институттың ғалымдары жасанды интеллект арқылы қастандық теориямен күресудің әдісін ойлап тапты. Экспериментке түрлі қастандық теориясына сенетін 2190 адам қатысты. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Эксперимент туралы PsyArXiv-ке жарияланған. Оған қатысқандар қандай қастандық теориясына сенетінін қысқаша айтып берген. Кейін олар бұл ақпараттың қаншалық рас-өтірік екенін тексеріп көрді. Олар жасанды интеллектпен (GPT-4 Turbo) әңгімелесті. Қатысушылар да, жасанды интеллекті де үш аргумент келтірді. Талқылап болған соң, қатысушылардан қастандық теориясына қаншалық сенетіні тағы сұралды.

Жасанды интеллект моделі нақты дәйекке негізделген тура жолды таңдады: жасанды интеллект әңгіменің 83%-інде нақты, дәлелі бар деректерді беріп отырды. Бұл әдістің артықшылығы – жасанды интеллектіде эмоция болмағаны. Бұл адамдар сияқты эмоцияға беріліп, шешім шығарып кетпеуге көмектеседі. Оған қоса бұл әдіс бейтарап талқыны көздейді.

Эксперименттен соң, қатысқандардың қастандық теориясына сенімі 20%-ке төмендеді. Ғалымдар басқа да қастандық теорияларына сенім азайғанын анықтады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz