Google қолданушылардың саяси қалауына әсер етпейді — зерттеу

Көп адам интернет алгоритмдері не ережелер жиынтығы бізді “ақпарат көпіршігінде” оқшаулап, көзқарасымызды растайтын нәрсені ғана көрсетеді деп ойлайды. Бұл туралы SecurityLab Google іздеу жүйесін қолданатындардың саяси таңдауына қатысты қызық зерттеу мақаласында жазды.

24 мамырда Nature журналында жарияланған зерттеу Google іздеу жүйесі пайдаланушының қалауына негізделген саяси жаңалықтарды ұсынбайтынын көрсетті. Керісінше, қолданушылар өз мүддесіне сай келетін жаңалықтар сайтына кіруге бейім.

Зерттеушілер 2018 және 2020 жылғы АҚШ сайлауы кезіндегі қолданушылардың желідегі әрекетін веб-браузерге арналған теңшелетін кеңейтім арқылы бақылаған. Мониториң құралы екі нақты көрсеткішті өлшеуге арналған: “әсер” — Google іздеу жүйесінің өзі пайдаланушыларға қандай жаңалық көздерін ұсынады; “engagement” — пайдаланушылар іздеу нәтижелерін алғаннан кейін қандай дереккөздерді тұтынады.

Дегенмен іздеу жүйесінің алгоритмі мінсіз емес. Зерттеушілер қолданушылардың бұрын-соңды қолданып-қолданбағанына қарамастан, сенімсіз я жаңылыстыратын ақпарат көздері шығатынын байқаған.

Factcheck.kz