Фотода Израильдің Мысырға тастаған бомбасы бейнеленген бе?

Интернетте бомбаның жарылған сәтінің фотосы тарады. Бұл бомбаны Израиль Мысырдың Рафак деген қаласына 2024 жылғы мамырда тастады деседі. Snopes фактчекерлері суретті және оған қатысты ақпаратты тексерді.

“Рафа үшін дұғада болыңыз. Рафа бәрінің назарында”, – делінген осы суретті жариялаған Х желісіндегі жазбада.

Фотода Израильдің Мысырға тастаған бомбасы бейнеленген бе?

Сурет шынайы. Дегенмен бұл суреттегі бомбаны Израиль Рафакқа емес, Газа секторының солтүстігіне тастаған. Оның үстіне оқиға 2023 жылғы қарашада болған.

Суретті Agence France Presse-тің фотографы Арис Мессинис түсірген. Фото Getty Images-ке жүктелген. Оның сипаттамасында “2023 жылғы 5 қарашада Газа секторымен Израиль шекарасының бойындағы Сдерот маңындағы позициядан түсірілген бұл суретте Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы шайқастар жалғасып жатқан кезде Израиль күштері Палестина анклавына тастаған алауларды көрсетеді” делінген.

Factcheck.kz